Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (27)

Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.

Ілмектер: шындық, дүние, күлкі, әзіл Мұхаммед Әли

Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.

Ілмектер: жастық шақ, күлкі Абай Құнанбайұлы

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Ілмектер: ойын, күлкі, сыр, сымбат Абай Құнанбайұлы

Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.

Ілмектер: ой, жау, күлкі Бауыржан Момышұлы

Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Ілмектер: күлкі, шынайылық, күлкі туралы нақыл сөздер Федор Достоевский

Адам жақсы күледі екен — демек, жақсы болғаны.

Ілмектер: адам, күлкі, күлкі туралы нақыл сөздер Федор Достоевский

Күлкіден қорыққан — шындықты сүймейді.

Ілмектер: күлкі, шындық туралы нақыл сөздер Иван Тургенев

Күлкі — күн: ол адам жүзінен қысты қуады.

Ілмектер: күлкі, нақыл сөздер Виктор Гюго

Кей адам күлкісімен әбден сыр алдырып қояды, сіз табан астында оның бүкіл қатпар-қалтарыстарын біліп аласыз. Тіпті даусыз ақылды күлкі де кейде жиіркенішті болады. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Ілмектер: күлкі, адам, сыр Федор Достоевский

Адамдардың мінезі олардың нені күлкілі санайтындарынан бәрінен гөрі жақсы көрінеді.

Ілмектер: мінез, күлкі Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі

Ілмектер: күлкі, қару Марк Твен

Барлық дене қимылдарының ішінде — күлкі ең келістісі, ол ас қорытуға, қан айналымына қолайлы әсер етіп, барлық ағзалардағы өмірлік күшке серпін береді.

Ілмектер: күлкі, дене, Өмір Кристоф Вильгельм

Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.

Ілмектер: адам, көңіл, айып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тамақ, ойын, күлкі, мақтан, кербез Абай Құнанбайұлы

Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрiнгенге күлкi етер,
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.

Ілмектер: жаман, дос, жолдас, күлкі, жақсы, серт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Менің күлдіру әдісім — шындықты айту. Дүниеде одан күлкілі ештеңе жоқ.

Ілмектер: күлдіру, күлкі, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Бернард Шоу

Күлкі сергектік тудырады.

Ілмектер: күлкі, сергектік Лев Толстой

Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім.

Ілмектер: күлкі, өнер, Өмір Сейіт Кенжеахметұлы

Маңызды мәселелерде көбіне ащы күлкі мақсатқа сенімдірек тиіп жатады.

Ілмектер: сенімділік, мақсат, күлкі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций

Арсыз заман белгісі — "түлкісінде",
Арсыз адам белгісі — күлкісінде.

Ілмектер: ар, күлкі, арсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Балалардың шалдуарлығына күлген кезде біздің күлкіміз өмірді жоқтан бар болып шығып келе жатқан сəтте қандай күйге салатынымызды көргендегі ұятымызды жасыруға ғана жарайды.

Ілмектер: бала, күлкі, күлу Жорж Батай

Пікірлер