Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (43) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (435) Ұлағатты сөздер (174) Әзіл, анекдоттар (1)

Адамның деңгейі өскен сайын бейәдеп сөздерді айту ақылға сыймайтын нәрсеге айналады.

Ілмектер: адам, деңгей, әдеп, сөз, ақыл, нақыл, тәрбие, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана.

Ілмектер: сөз, көлеңке, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.

Ілмектер: ұлы, халық, тарих, іс, сөз, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Көптеген дана адамдар сөзге сараң болғанмен, жүзi жарқын.

Ілмектер: дана, адам, сараң, сөз, жарқын, жүз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.

Ілмектер: ақыл, адам, сөз, көрік, сүйкімді, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бiреудiң сөзiн бөлгеннен өткен ақымақтық жоқ.

Ілмектер: сөз, бөлу, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Локк

Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.

Ілмектер: би, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау

Ақиқат қашанда ащы, оны айта білу одан да ауыр. Соны біле тұра, көлгірсіп, өтірік мақтау айтуға әуестік ше? Шын сөз сұлу емес, ал сұлу сөз ақиқат емес.

Ілмектер: ақиқат, ащы, ауыр, өтірік, мақтау, сөз, шылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.

Ілмектер: халық, жақсылық, сөз, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сөздi iске айналдыру iстен сөзге көшкеннен әлдеқайда қиын.

Ілмектер: сөз, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,
Ақылы надандардың кем болады.
Жамандарға насихат айтқан сөзiң,
Жаңғырыққан шорменен тең болады.

Ілмектер: сөз, жақсы, ақыл, надан, кем, жаман, насихат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бәрін бірден істеп тастауға тырысу — ештеңе істемеу деген сөз.

Ілмектер: тырысу, ештеңе, сөз Георг Лихтенберг

×