Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады. Ілмектер: сөз, шындық, нақыл сөздер Ыбырай Алтынсарин Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.
Көп пайдасы тиді.Үлкен рахмет!
Сөз жоқ өте керемет
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ. — Назым Хикмет Ран жастар, жастар туралы нақыл сөз
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, Әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың. — Шәкәрім Құдайбердіұлы сөз, әдет
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ештеңең кетпейді. — Төле би Әлібекұлы сөз, үйрену
Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. — Бұқар жырау сөз, ел
Есенқұл Ұлпан
Көп пайдасы тиді.Үлкен рахмет!
Мұратбаев Нұрдос
Сөз жоқ өте керемет