Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (7)

Мәстектен тұлпар артық шаппаса да,
Тексізден текті тумас мақтаса да.

Ілмектер: тұлпар, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді.

Ілмектер: тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақылсыз, кемшілік Конфуций

Біздің сенім мен түсінікті қалыптастыратын айналадағы қоршаған орта, ғылыми тілмен айтқанда Эпигенетика. Адамның тағдыры текті тұқымына ғана емес, тұқымынан да жоғары уақыт пен заманға байланысты. Олар қандай болса, сіз де сондайсыз. Бірақ бұл уақыт пен заман қандай болса, біз де сондай болуымыз керек деген сөз емес

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сенім, түсінік, қоршаған орта, ғылым, тағдыр, тектілік, тұқым, уақыт, заман Нарша Булгакбаев

Мәдениеттілік — адамның рухани өрісімен өлшенеді. Қанында бар тектілігің мен бойыңа сіңген жақсы тәрбиең қандай деңгейде екендігің мәдениетіңнен көрінеді.

Ілмектер: Мәдениеттілік, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қан, тектілік, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Мәдениетті болу — қаздиып, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес, мұның бәрі көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып, үлде мен үлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мәдениетті болмайды. Өйткені тегі солай.

Ілмектер: мәдениет, маймыл, тек, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тегің - атаңнан;
Тілің — анаңнан;
Білім — еліңнен;
Мінез — жеріңнен;
Махаббат — сезімнен,
Бақыт — төзімнен,
Сұлулық — көзіңнен;
Кісілік — өзіңнен.

Ілмектер: тектілік, тіл, білім, мінез, махаббат, бақыт, сезім, сұлулық, төзім, кісілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ақымақтықта əлдебір тектілік бар.

Ілмектер: ақымақтық, тектілік Роберт Вальзер

Пікірлер