Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (853)

Ешкiмдi ұнатпайтын адам ешкiмге ұнамайтын адамға қарағанда әлдеқайда бақытсыз.

Ілмектер: ұнату, ұнатпау, адам, нақыл, афоризм, бақытсыз, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

Ілмектер: ар, адам, өкініш, тағдыр, ауыр, қиын Әбул-Хасан Рудаки

Адам іші — алақұйын.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Адамның мінезін ол күнделікті қолданатын сын есімдерге қарап білуге болады.

Ілмектер: сын есім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез, адам Марк Твен

Шынайы өмірді романтикалық сарында түсіндіретін адам — үміті үзілген адам.

Ілмектер: өмір, романтика, сарын, адам, үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Қуанышты болмасам да, адаммен танысқанда әрдайым «сізбен танысқаныма өте қуаныштымын» деп айтамын. Егер адамдармен бірге өмір сүргің келсе, әрнәрсені айтуға тура келеді.

Ілмектер: қуаныш, адам, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джером Сэлинджер

Адам неғұрлым ақылды, iзгi болса, соғұрлым басқалардан iзгiлiктi көбiрек байқайды.

Ілмектер: адам, ақыл, ізгі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Басқаларсыз да амалдай аламын деп ойлайтын адам өте қателеседi, бiрақ басқалар өзiнсiз iс тындыра алмайды деп ойлайтын адам одан бетер қателеседi.

Ілмектер: амал, адам, қателесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Маған белгiлi бiр мағынада құл емес адамды көрсетшi.

Ілмектер: құл, мағына, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Біз құстар секілді көкте ұшуды, балықтар секілді су астында жүзуді үйренгеннен кейін, енді тек адамға ұқсап жерде өмір сүруді үйрену ғана қалды.

Ілмектер: адам, өмір сүру Бернард Шоу

Адамның сыртқы сұлулығы, егер ол ақылмен толықпаса, жануардыкiне ұқсайды.

Ілмектер: адам, сұлулық, ақыл, жануар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит

Адамдар қажетсiз болып қалған жұмысты iстеуге әрқашан әзiр тұрады.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин

Заман өзгерді деп айту орынсыз, заманды өзгерткен адамдар тұрғанда.

Ілмектер: заман, адам, адамдар, қазіргі заман, қазіргі адамдар, заман мен адам

Адамдар не iстесе де, олар сайып келгенде өзiнiң ыңғайлы орналасуын тiлейдi.

Ілмектер: ыңғай, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Өз сенiмiне сәйкес жүрiп — тұратын адамды парасатты адам деп ойлай салмаған жөн. Оның сенiмдерi парасатты ма — соны тексеру керек.

Ілмектер: сенім, парасат, ой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.

Ілмектер: тіл, сөз, ой, ақыл, адам, қасиет Ғабиден Мұстафин

Дарынды немесе лайықты адамның өсуiне кесе-көлденең тұрма.

Ілмектер: дарын, адам, өсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Адам өз атынан сөйлегенде өзiне неғұрлым азырақ ұқсайды. Оған бетперде берiңiз, сонда ол бәрiне шындықты айтады.

Ілмектер: адам, бетперде, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд

Адам — жұмбақ. Оны шешу керек, ол жұмбақты өмiр бойы шешер болсаң, онда уақытым кеттi деп өкiнбе.

Ілмектер: адам, жұмбақ, өмір, уақыт, өкініш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Ілмектер: дәуір, тіл, адам, интеллигент, рухани, тәрбие, азамат Мұхтар Әуезов