Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес. Ілмектер: ар, адам, өкініш, тағдыр, ауыр, қиын Әбул-Хасан Рудаки Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.
қалай қалай жазған
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ. — Назым Хикмет Ран жастар, жастар туралы нақыл сөз
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады. — Мұхтар Әуезов ит, адам
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты. — Міржақып Дулатұлы қазақ, оян қазақ
Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын. — Абай Құнанбайұлы жұмыс, тамақ
БГА
қалай қалай жазған