Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (35) Мақал-мәтелдер (277) Ұлағатты сөздер (184)

Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.

Ілмектер: ғылым, білім, ақыл, жұмыс Иүгінеки Ахмед

Рух - таза ақыл.

Ілмектер: рух, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Махаббат деген – ақылыңыз бен ойыңыздың, жаныңыз бен қызығушылығыңыздың бір арнада тоғысуы. Сондықтан ол ең әйгілі сезім.

Ілмектер: махаббат, сезім, ақыл, ой, қызығу Александр Куприн

Ашу қысса - ақылың ғайып болады.

Ілмектер: ашу, ақыл Махмұд Қашқари

Егер ақылыңыз дұрыс жұмыс істесін десеңіз, өз деміңізді бақылап отырыңыз.

Ілмектер: ақыл, дем Рене Декарт

Сәтсіздік – бәрін де ақылға салып жаңадан бастауға берілетін мүмкіндік.

Ілмектер: сәтсіздік, ақыл, бастау, мүмкіндік Генри Форд

Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.

Ілмектер: адам, ақыл, парасат, өмір Нұрсұлтан Назарбаев

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.

Ілмектер: ақиқат, көру, ақыл, көз Мұзафар Әлімбаев

Сабыр - ақылдың серігі.

Ілмектер: сабыр, ақыл, серік Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Ақылға кішілік жүрмейді.

Ілмектер: ақыл Нұржан Наушабаев

Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.

Ілмектер: қаталдық, ақыл Бауыржан Момышұлы

Ақыл - дария білгенге.

Ілмектер: ақыл, дария Шортанбай Қанайұлы

Түйірдей болса да - түйінді ойың болсын.

Ілмектер: ой, ақыл Мұзафар Әлімбаев

Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.

Ілмектер: ақыл, хан, би Майқы би

Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.

Ілмектер: қыз, той, сұлу, ой, ақыл Шернияз Жарылғасұлы

Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,
Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең.

Ілмектер: ақыл, сөз, су, құм, ту Майқы би

Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.

Ілмектер: ақыл, ми Шал Құлекеұлы

Парасатты қамқоршы ретінде тек ақылға ғана өз өміріңді сеніп тапсыр...

Ілмектер: парасат, қамқоршы, ақыл Пифагор

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.

Ілмектер: ақыл, қайрат, жүрек Абай Құнанбайұлы

Ақыл - жан қуаты.

Ілмектер: ақыл, жан, қуат Абай Құнанбайұлы

Қарап көріңіз

×