Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (6) Ұлағатты сөздер (26)

Ақынның жазушыдан айырмашылығы сол, ол шабыты келген сәтте төгіп-төгіп жазады да, прозашылар сияқты ұзақ сарылып отырмайды.

Ілмектер: проза, ақын, жазушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Жазушылардың пианистердей шу шығаруға қақысы жоқ.

Ілмектер: жазушы, пианист, шу Роберт Вальзер

Бақыт — жазушылар үшін ең нашар тақырып. Ол тым өзіне-өзі ырза. Оған түсінік беріп жатудың қажеті жоқ.

Ілмектер: бақыт, жазушы, тақырып Роберт Вальзер

Менің ойымша кітап жазатын адамға барынша жиі дұрыс болып көрінгеннен гөрі, айнымас жан тазалығы əлдеқайда маңыздырақ.

Ілмектер: кітап, жазушы, жан, тазалық Роберт Вальзер

Тереңіне бойлай алмаған жазушы әрдайым бетінде қалқып жүреді.

Ілмектер: жазушы, терең Станислав Ежи Лец

Жазушыларға кеңес: белгілі бір уақытта жазуды тоқтату керек, тіпті бастамасаң да.

Ілмектер: жазушы, жазу, тоқтау Станислав Ежи Лец