Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (30)

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, ер, кісі Мұхтар Әуезов

Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.

Ілмектер: Ашу, байсалдылық, жамандық, жақсылық, сараңдық, жомарттық, өтірік, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Кісінің жақсылық, жамандығы оның өз парызын қалай түсінетіндігімен, қалай атқарғандығымен бағаланса өмір бәріне де жеңілірек болар еді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Сайын Назарбекұлы

Өзің жақсы болсаң бәрі жақсы,
Өзің жаман болсаң бәрі жаман.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, жақсы, жақсылық, жаман, жамандық, нақыл, жақсылық пен жамандық Али Динабеков

Жамандық алтын басыңды аяққа сүйрейді.

Ілмектер: жамандық, алтын, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады.

Ілмектер: білім, қорқу, жалған, дүние, жамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

«Жақсы бол» деп әркім айтады, «жаман бол» деп ешкім айтпайды. Жаман сонда да бола береді. Адал дән егумен шығады, арам шөп өзі шығады. Жамандық арам шөп сияқты, жұлмаса өседі, егіннің өнімін кеседі. Сондықтан егін мен арам шөп, жақсылық пен жамандық өмір бойы отаса алмай келеді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе — екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық Жорж Батай

Мистикалық өмірге деген ұмтылысы кезінде адамдар көп қателеседі: олар жақсылық пен жамандықты, жан мен денені, рух пен тəнді бір-біріне қарсы қояды.

Ілмектер: мистика, өмір, қателік, жақсылық, жамандық, дене, рух, тән Пьер Тейяр де Шарден

Зұлымдық Алладан ба, әлде Аллаһ пәк па? Ізгілік Алладан, Субхан Аллаһ.

Ілмектер: Алла, зұлымдық, ізгілік, Жақсылық, Жамандық, пәк Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев