Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (54) Өлеңдер (9) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (49)

Адам өмір сүру ережелерін өзі құрастырмайды. Қоршаған орта қалыптастырып береді, және сол ережелер біз үшін заң, міндет, парыз.

Ілмектер: Адам, өмір, ереже, қоршаған орта, заң, міндет, парыз Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Барлығымызды бір ғана ақиқат тоғыстырады — Жаратушының жаратқан заңдары, яғни дәлелденген ғылым.

Ілмектер: Ақиқат, жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Қанды кек (вендетта) — қоғам заңды деп тапқан жаза. Бірақ оны қолдану машақаты — жеке адамдардың өз еркіне қалдырылған.

Ілмектер: Қанды кек, вендетта, қоғам, заң, жаза, машақат Эмиль Дюркгейм

Мектеп қалай бақытты өмір сүруді үйретпейді. Балаға болашақта қайта іздену қажет ғылымды жай ғана таныстырып шығады. Жақсы оқу ғибратты өмірге гарантия бермейді. Гарантия беретін жалғыз ақиқат — Жаратушының өмір заңдары мен адамзаттың пайдасына жараған ғылым.

Ілмектер: Мектеп, өмір, бала, бақыт, болашақ, ғылым, оқу, керемет, өмір, гарантия, ақиқат, жалғыз, Жаратушы, заң, адамзат, пайда, ғибрат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Кайфтың тазалығы — Алланың жаратқан заңдары мен ғылымнда. Ал күші олардың махаббатпен бекітілген.

Ілмектер: Кайф, тазалық, Алла, жаратылыс, заң, ғылым, күш, махаббат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Біздің барлық қоғамдық институттарымыз, салт-дəстүрлеріміз бен заңдарымыз, біздің мораліміз,бізді жалпы жол-жоралғыларымыз
— оларды еркектердің үстемдік құруы үшін еркектердің өздері ойлап тауып, қолдап-қорғап келе жатқандығының ашық дəлелі.

Ілмектер: қоғам, салт-дəстүр, заң, мораль Альфред Адлер