Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (8) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (58)

Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, парасат, мақсат, мінез, мінез-құлық, игілік Әл – Фараби

Барлығын басынан бастаудан және сәтсіздіктен қорықпаңыз. Жолыңыз болмай қалған кездері бәрін басынан бастаңыз да, діттеген, бас кезінде алдыңызға қойғаннан басқа болып шығуы мүмкін, бірақ еске түскенде қуаныш силайтын мақсатыңызға жеткенше жігеріңізді шыңдай беріңіз.

Ілмектер: сәтсіздік, мақсат Энн Салливан

Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара.

Ілмектер: мақсат, өмір, адам, бейшара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иван Тургенев

Әрбір үрген итке тас лақтыру үшін тоқтай беретін болсаңыз, ешқашан діттеген орныңызға жетпейсіз.

Ілмектер: ит, тас, орын, жету, діттеген орын, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Мақсатқа жету үшін — жүру керек!

Ілмектер: мақсат, жүру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Кедергілер — ол, мақсаттан көзіңіз тайғанда көрінетін заттар.

Ілмектер: кедергі, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Генри Форд

Егер жағадан алыстауға қорықсаң, мұхитты жүзіп өте алмайсың.

Ілмектер: мақсат, жетістік, жаға, алыстау, мұхит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Христофор Колумб

Арманды жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам — мақсат қою.

Ілмектер: арман, мақсат, қадам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Энтони Роббинс

Үлкен мақсаттарды орындау жолында адам өзінің бойында басқаларға шамшырақ болатындай мінез барын сезінеді.

Ілмектер: мақсат, адам, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Георг Гегель

Шындығында, мен уақытты басқару туралы бірде-бір кітаптан оқыған емеспін. Мақсатың болса, уақытты оқусыз-ақ басқарасың.

Ілмектер: уақыт, кітап, басқару, мақсат, оқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Ұлы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы адам өзін өзгелерге шамшырақ ететін керемет мінезді тауып алады.

Ілмектер: Мақсат қою, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез Георг Гегель

Маңызды мәселелерде көбіне ащы күлкі мақсатқа сенімдірек тиіп жатады.

Ілмектер: сенімділік, мақсат, күлкі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций

Сәтсіздік қылмыс емес, алдыңа өз мүмкіндігіңді тежеп, мақсат қою — қылмыс.

Ілмектер: мақсат, қылмыс, мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Лоуэлл

Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi.

Ілмектер: мөлшер, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әділдік, мақсат, мін, сын Артур Шопенгауэр

Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Ілмектер: ғылым, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл, жігер, тілек, мақсат, әділдік, талап Әл – Фараби

Кеме қай портқа баратынын бiлмесе, желi оңынан тұрмайды.

Ілмектер: кеме, порт, жел, нақыл, мақсат, афоризм, қанатты сөздер Сенека

•Өмірде бәрі біз ойлағандай болмайды.
•шын ұмтылсаң,бәріне жетесің
•өмірің өз қолыңда
•өзгеге емес,өзіңе сен
•арманда, күл, қуан кішкентай дүниелердің өзінен бақыт сезіне біл сонда ғана шын бақытты боласың.
•бақытты өмір жоқ,бақытты уақыт бар.
•жеңілуден қорықпа

Ілмектер: мотивация, ұмтылыс, мақсат Төлеуханқызы Бұлбұл

×