Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (22) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (25)

Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

Ілмектер: қазақ, намыс, рух, орыс, ұлт Дінмұхамед Қонаев

Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Ілмектер: Қаталдық, әділ, адамгершілік, сезім, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету — намыс деп аталады.

Ілмектер: намыс, абырой, моральдық рух, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау — масқара болушылық.

Ілмектер: намыс, моральдық рух, масқара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жастайынан еліне деген сүйіспеншілікпен тәрбиеленген намысшыл жастар болашағымызды қалыптастыратын тұлғалар болмақ. Егер адамсыздық пен надандықтың алдын алу шараларын қолданбасақ, тез таралып, ұлтымызды, елімізді жойып жібереміз.

Ілмектер: Ел, сүйіспеншілік, тәлім тәрбие, намыс, намысшыл, жастар, тұлға, адамдық, адамсыздық, надан, надандық, ұлт Али Айбекұлы