Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (7)

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

Ілмектер: іс, қаталдық Бауыржан Момышұлы

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.

Ілмектер: қаталдық, сый, қарапайым Антон Чехов

Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.

Ілмектер: қаталдық, ақыл Бауыржан Момышұлы

Еркелетiп ала бiлмеген, қаталдықпен де ала алмайды.

Ілмектер: еркелету, қаталдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов

Басқарудың төрт жексұрын тәсiлi:
Тәрбиесiз өлтiру — қаталдық;
Ескерту жасамастан жұмыстан нәтиже талап ету — зорлық;
Бұйрықты орындау мерзiмiне дейiн кешiктiру — қарақшылық;
Еңбекке ақы төлеуде сараңдық жасау — ұсақтық.

Ілмектер: қаталдық, зорлық, қарақшылық, ұсақтық, Басқару, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Ілмектер: Қаталдық, әділ, адамгершілік, сезім, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет.

Ілмектер: қаталдық, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы