Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана


Мақалалар (13) Өлеңдер (22) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (7) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге(ілмек) байланысты мәліметтер:


"Қарға" туралы Ұлағатты сөздер

"Қарға" туралы ұлағатты сөздер жинағы. Бұл бөлімде Қарға туралы қызықты деректер, танымдық мақалалар мен пайдалы мәліметтер жинақталған.

Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.

Ілмектер: лашын, қарға, құс, аң Құтып

Мың қарғаға — бір кесек.

Ілмектер: қарға, жауап Қашаған Күржіманұлы

Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: ат, қарға, нұр, көз, мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ақымақ қара қарғаны,
Түлкiге баулып салғалы,
Қыран деп баптау күлкiлi:
Өлiмтiгiн көксеп құлқыны
Қарқылдап қояр бiр күнi.

Ілмектер: ақымақ, қыран, қарға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Қарға да қанат қомдап қарқылдайды,
Несi артық менен осы сұңқардың деп.

Ілмектер: қарға, артық, сұңқар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Қара қарға секiлдi арсыз, содыр, жабысқақ, ақылсыз, бұзық адамға өмiр сүру жеңiл. Ал, қарапайым, пәк, бiртоға, салқынқанды, алды-артын болжағыш таза адамға өмiр сүру қиынға түседi.

Ілмектер: қарға, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, содыр, жабысқақ, ақылсыз, бұзық, қарапайым, пәк, бiртоға, салқынқанды Будда

Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

Ілмектер: бұлбұл, қарға, Достық, дос, жақсы, жаман Жалаладдин Руми