Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (64) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (113)

Құдайдың ісін қарашы: Біздің жанымызды кез келген ала алады, бірақ ешкім өлімнен құтқара алмайды.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Өлімнен қорықсаң ештеңе тындыра алмайсың. Бәрібір өлетін болғандықтан, қуыққа түскен тас үшін өлгенше, бір ұлы іс үшін өлген көп артық.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дени Дидро

Өлім ұлыларға зиянын тигізе алмайды.

Ілмектер: өлім, зиян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлы Овидий

Мейрамдатып сексен жыл өмір сүрген — ол ұзақ өмір сүрген жан емес, ол ұзақ өлген адам.

Ілмектер: мейрам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, өлім, адам Сенека

Түрлі-түрлі туамыз, теңесіп өлеміз.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Бәрімізде қарызға алған өміріміз үшін өліммен есептесеміз.

Ілмектер: қарыз, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өлім Альберт Швейцер

Туудың өзінде — өлім, жасаудың өзінде — жоқ болу жатыр.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жеке адамның иелігіне берілген материалдық игіліктерді пайдаланбау, өзінен, денсаулығынан аяу, мүкәммәл жинау, Ақыретке сақтап қою, өлгеннен кейін қолданамын деп ойлау — қаржы айналымына жасалған зұлымдық.

Ілмектер: Адам, материалдық игіліктер, денсаулық, ақырет, өлім, қаржы, ақша, зұлымдық, туралы Нарша Булгакбаев

Тек өлімді көрген кезде ғана біз басқа бір құпия — ұрықтану құпиясын сезіне бастаймыз.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құпия Освальд Шпенглер

Адам — өзінің өлетіндігін білетін жалғыз жан иесі.

Ілмектер: адам, жан, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

«Құдай — адамның бойында жан тапсыруы керек» — масқараның көкесі осы! Адам үшін өлімге пара-пар шектен шыққандық осында жатыр!

Ілмектер: масқара, өлім Жорж Батай

Адамға қатігездік көлеңкесі түсіп, өлімнің көзіне «тура қарайтын» болғанда — оның өмірі тұтас тамашаға айналады. Оны ештеңе де бұза алмайды: өлім — оның жаңаруының шарты ғана.

Ілмектер: адам, қатыгездік, өлім Жорж Батай

Тек өліп бара жатқанда ғана төл табиғатыңа айналған жарды өз көзіңмен көре аласың.

Ілмектер: жар, өлім, табиғат Жорж Батай

Күнің келгенде жексұрын болып жер қойнына енесің.

Ілмектер: күн, өлім Жорж Батай

Авторды шығармасы өлімге жетелеп əкеледі: бұл — өлу мəнері.

Ілмектер: автор, шығарма, өлім, мәнер Жорж Батай

Күлкі мынаған үйретеді: өлім бөлшектерінен ақылмен алшақтай жүріп, өмірді сақтауға ғана ұмтыламыз, ал ақыл аяғымызды аттап баспауға бұйыратын жерлерде — өмір сүреміз.

Ілмектер: күлкі, өмір, өлім Жорж Батай

Екі өлім бар — жанның өлімі (зинақорлық), тәннің өлімі (пайдақорлық).

Ілмектер: өлім, жан, өлім, зина, зинақор, зинақорлық, тән, пайда, қорлық Нарша Булгакбаев

Эротизм дегеніміз — өлімнің өзі жеңе алмайтын өміршеңдік.

Ілмектер: өлім Жорж Батай

Көру немесе өлу — екінің бірі! Көру дегенге бүкіл өмірдің бəрі сиып кетеді: толық болмаса да, негізінен.

Ілмектер: көру, өлім, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Көптеген адамдар уақытты өлтіруді, босқа өткізуді, жаман әдеттерге бой алдыруды, санасын шектеуді, зиянды ақпараттарды алуды пайдалы, тіпті қажет деп санайды, себебі олар Құлдық Санада.

Ілмектер: Адам, уақыт, өлім, жаман, әдет, сана, шектеу, зиянды, пайдалы, қажет, құл, сана, құлдық сана Narsha Bulgakbaev