Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (467) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (580) Әзіл, анекдоттар (4)

Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді.

Ілмектер: өмір, жанұя, жігіт, үйлену, әйел, қыз, күйеу, мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әзілхан Нұршайықов

Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет, ең алдымен, өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты.

Ілмектер: бақыт, қасірет, өмір, проблема, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев

Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз.

Ілмектер: бақыт, өмір, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Басқаның үмітін өлтіру адам өлтірумен бірдей…

Ілмектер: үміт, адам, өмір Мұратхан Шоқан

Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді.

Ілмектер: тән, рух, өмір, азап, рақат, нақыл, афоризм Лев Толстой

Ұмыту... Не деген сөз! Қорқыныш та, жұбату да, өтірік те осы сөзде жатыр. Ешнәрсені ұмытпай өмір сүре алатын адам бар ма екен?! Бірақ кім ұмытқысы келмейтінін ұмыта алады? Жүректі жаралаған керексіз естеліктер... Өмір сүруге тұрарлық ұғымдар үшін ғана барлығынан арылған жан бостандықта.

Ілмектер: ұмыту, өмір, қанатты сөздер, нақыл, афоризм, есте сақтау Ремарк Эрих Мария

Өлмес өмірдің кілті – ең бірінші кезекте ұмытылмастай өмір сүру.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Өзіңмен өзің бол! Басқа рөлдердің барлығы бос емес.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд

Шынайы өмірге қатысы бар математика заңдылықтары сенімді емес, ал сенімді математика заңдылықтарының шынайы өмірге түк қатысы жоқ.

Ілмектер: математика, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Тәуекелшілдік өмірді жандандыра түседі.

Ілмектер: тәуекел, нақыл, афоризм, өмір, қанатты сөздер Коко Шанель

Кейде өмір екі адамды бір-біріне қаншалықты қымбат екенін ұғындыру үшін ажыратады.

Ілмектер: өмір, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо

Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз амалы.

Ілмектер: қарттық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Өнер — ұзақ, Өмір — қысқа.
Латыннан: Ars longa, vita brevis [Арс лонга, вита брэвис].

Ілмектер: өнер, ұзақ, Өмір, қысқа, уақыт Гиппократ

Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой.

Ілмектер: Төзім, Өмір, қысқа, уақыт Мұхтар Әуезов

Ей адам! Бұл күндер міндетті түрде өтеді, тіпті басым бөлігі өтіп кетті. Онда еш болмаса қалған өміріңнің қадірін біл.

Ілмектер: Өмір, уақыт, өміріңнің қадірі, күндер Суфйан Сәури

Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім.

Ілмектер: күлкі, өнер, Өмір Сейіт Кенжеахметұлы

Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді, есі кіргенде өледі.

Ілмектер: Өмір, ес, есалаң Асқар Тоқпанов

Бақаның бағынан- сұңқардың соры артық

Ілмектер: Өмір Бауыржан Момышұлы

Өмірдің ең ұлы сабағы — жынды да кейде дұрыс нәрсе айтатынында.

Ілмектер: өмір, сабақ, жынды, дұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль