Өлең, жыр, ақындар

Bain

  • Ұпайы: 5659
  • Тіркелген уақыты: 29.03.2015 22:13
  • Соңғы кірген уақыты: 14.03.2019 19:18
  • Аты-жөні:
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 64

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Ілмектер: қыз, мінез, әдеп Ғабит Мүсірепов

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.

Ілмектер: адам, ой, мұра Баубек Бұлқышев

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

Ілмектер: жігіт, сөз Әйтеке би

Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылдығы...

Ілмектер: ұят, адамшылдық Абай Құнанбайұлы

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Ілмектер: табиғат, адам, өлу Абай Құнанбайұлы

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Ілмектер: адамзат, сүю, сезу, ақыл Абай Құнанбайұлы

Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.

Ілмектер: дүние, жалғыздық, адам Абай Құнанбайұлы

Атымды адам қойған соң,
Қайтып надан болайын.

Ілмектер: адам, надан Абай Құнанбайұлы

Егер ісім өнсін десең – ретін тап

Ілмектер: іс Абай Құнанбайұлы

Әйел адам - гүлмен тең.

Ілмектер: әйел, гүл Абай Құнанбайұлы

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Ілмектер: адам, іс Абай Құнанбайұлы

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.

Ілмектер: махаббат, ғылым Абай Құнанбайұлы

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

Ілмектер: дос, дұшпан Абай Құнанбайұлы

Асығыс түбі - өкініш.

Ілмектер: асығыс, өкініш Абай Құнанбайұлы

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық.

Ілмектер: надандық, еріншектік, залымдық Абай Құнанбайұлы

Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.

Ілмектер: нәпсі, мінез, тіл Абай Құнанбайұлы

Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар.

Ілмектер: махаббат, дүние Абай Құнанбайұлы

Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық

Ілмектер: еңбек, кәрі, бала Абай Құнанбайұлы

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

Ілмектер: әділдік, әділ, жұрт, оң Әлихан Бөкейханов

Білген адам білімді өмір бойы іздейді

Ілмектер: адам, білім, іздеу, білім алу Иүгінеки Ахмед