Ұлылардың ұлысы-Абай атам!
Өлең үшін жүректің жары тұнған,
Қазағымда ақын жоқ ұмытылған.
Қайталанбас дара жан, Абай ата,
Ұқсамайтын ешкімге Ұлы тұлғам!
Гульназ Сайлауова жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Өлең үшін жүректің жары тұнған,
Қазағымда ақын жоқ ұмытылған.
Қайталанбас дара жан, Абай ата,
Ұқсамайтын ешкімге Ұлы тұлғам!
Қасиетті сөздерден жыр ұғынып,
Қазағымның дастанын мың ұғынып,
Ұлы дала ұрпағын ұлықтаумен
Не екенін ұғындым ұлылықтың.
Ақын жүрек, қарт сезімді күрсінтіп,
Тас жүректі езгілеген жүрісі.
Бір сұлуды ұнатып қап бір күні,
Ашуланып тұр, қайғы шегіп жұлынды.
Мәшһүр ата елге Мәшһүр дара тұлға,
Төреші еді, ел жанашыр дара туған.
Өз қамын емес,елдің қамын ойлаған,
Күллі өмірін ұрпаққа деп арнаған.
Қуғын-сүргін күнге де кезек келген,
Аштыққа да кей жандар төтеп берген
Ұрпақ үшін кезінде соғыстарда
Өзін емес
Халқы үшін ойланбай жанын берген.
Туған өлке ауасы бір ерекше,
Орны бар менің үшін ерекше.
Жайсаң жазың,жайлы қысын көргенде,
Баурап алар еріксіз ақ өзіңе.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі