Өлең, жыр, ақындар

Nareke

  • Ұпайы: 184
  • Тіркелген уақыты: 14.04.2021 19:15
  • Соңғы кірген уақыты: 28.10.2023 16:50
  • Аты-жөні: Нарша Булгакбаев
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер

Өзгерген заман емес, адам санасы. Алайда адам санасын өзгерткен заман.

Ілмектер: Заман, адам, сана Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Адам салдарын алдын ала біле алмайды, сондықтан қателеседі, күнәға барады. Алайда надандықты тағдырмен ақтап алуға болмайды.

Ілмектер: надандық, тағдыр, ақталу, адам, қателік, күнә Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Өзіңіз жайлы бар шындықты танып білмейінше, сіз өзіңізді шын сүйе алмайсыз.

Ілмектер: Шындық, өзін-өзі тану, сүю, Махаббат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Біз үшін әрбір ой – сөз, әрбір сөз – ереже.

Ілмектер: Философия Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Жақсы адам болу өнері - нені ойламау керектігін білу.

Ілмектер: жақсы, адам, өнер, ой Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Зұлымдық Алладан ба, әлде Аллаһ пәк па? Ізгілік Алладан, Субхан Аллаһ.

Ілмектер: Алла, зұлымдық, ізгілік, Жақсылық, Жамандық, пәк Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Қараңғыда жарықты көре білу керек, ол сыртта жанбаса да, іште жанып тұр, бірақ адамдар бәрібір жоқ жарықты, сырттағы жарықты көргісі келеді. Сондықтан да данышпандардың бәрі «Нағыз бақыт адамның ішінен» дейді.

Ілмектер: Бақыт, қараңғы, жарық, жану, адам, данышпан Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Спорт - бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт - үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың.

Ілмектер: Спорт, қызық, өмір, табыс, жеңіліс, қорқынышты, жеңіс, сенім, жаттығу, терлеу, лифт, баспалдақ, тәрбие, мектеп, тырысу, қиналу, қуану, қуаныш, мақтану, мақтаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Адам өмір сүру ережелерін өзі құрастырмайды. Қоршаған орта қалыптастырып береді, және сол ережелер біз үшін заң, міндет, парыз.

Ілмектер: Адам, өмір, ереже, қоршаған орта, заң, міндет, парыз Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Мектеп қалай дұрыс өмір сүруді үйретпейді. Өмірді жай ғана таныстырып шығады. Жақсы оқыған жақсы. Бірақ ол керемет өмірге гарантия емес.

Ілмектер: Мектеп, өмір, дұрыс, танысу, жақсы, оқу, керемет, гарантия Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Үкіметтің халық алдындағы міндеті – байлықты бір жүйеге келтіріп әділ бөлу.

Ілмектер: Үкімет, халық, міндет, байлық, экономика, жүйе, әділ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Ақылсыз болып жаралдым ба, туылдым ба, білмеймін. Ортаға жала жаппаймын. Ақыл жасқа қарамайды екен... Өй ақымақ басым, оларды қызғанғанша солардан үйренсеңші, мейлі менен кіші болсын, иттің күшігі болсын. Кіші деп менсінбеген атым құрсын!

Ілмектер: ақылсыз, жаратылыс, туыс, орта, ақыл, қызғаныш, кіші, менсінбеу, ит, күшік Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Мектепте жүргізіліп жатқан "Бәрін білсін" деген құртатын идеология. Керек кезде Қажет ақпарат қағидасын ұстанған дұрыс.

Ілмектер: мектеп, идеология, ақпарат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Мен өмірде бақытты адамдарды көрген жоқпын. Тек уақытша қуанышты сәттерді көрдім.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Өмір (Жаратушы) заңдары бәрімізге ортақ, бейтарап, әділ, олар барлық адамдарға бірдей әсер етеді. Кейбір адамдар сол әсердег махаббатты, жылулықты, мейірімділік пен жанашырлықты сезіне алмайды. Өйткені олардың көпшілігі надандықта жасырынып, Жаратушының заңдарын мойындамайды. Олар өздерін ақыл-ойдың шектеулі санасында өмір сүруге мәжбүр етеді және олардың көзқарасының кемістігі бар.

Ілмектер: Жаратушы Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Біз бақытты өмір сценарийін қаласақ, оны әркім жаза алады, ең бастысы болмыстың канондары мен принциптерін (негіздерін) білу - бұл біз үшін ең пайдалы білім, бұл өмір заңдары (Жаратушы заңдарын) меңгеру керек.

Ілмектер: бақыт Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Өмірдің ғылыми заңдары бар, бақытты болу үшін соларды білу керек, осы заңдарға бағыну керек, оларды өзіңе қарсы емес, өз бақытың үшін қолдану керек.

Ілмектер: Ғылым, өмір, заң, бақыт Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Әрбір бақытты адам өзінше айлакер түлкі.

Ілмектер: Бақыт, айла, айлакер, түлкі Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Ең биік мақсат – өзіңді дұрыс тәрбиелеп, қоғамға қажет, пайдалы адам қылып шығару.

Ілмектер: Мақсат, тәрбие, қоғам, пайдалы, адам, қажет Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев