Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (39)

Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.

Ілмектер: махаббат, өлім Ги де Мопассан

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!

Ілмектер: өлім, өмір Қадыр Мырза Әли

Өлім - хақтың пәрмені

Ілмектер: өлім Махамбет Өтемісұлы

Өлімнен асып түсу мүмкін емес.

Ілмектер: өлім Михаил Лермонтов

Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады

Ілмектер: адам, мал, мақтан, соғыс, өлім Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.

Ілмектер: өлім, атақ Оскар Уайльд

Өлгендер қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.

Ілмектер: өлім, жан Қорқыт ата

Мен өзімнің детектив романдарымның сюжеттерін ыдыс-аяқ жуып жатқан кезде табамын. Өйткені ол маған мүлдем ұнамайтын іс. Сол себепті басыма бірден өлім туралы ойлар келеді.

Ілмектер: іс, өлім, ой, роман, детектив, сюжет, ыдыс-аяқ Агата Кристи

Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.

Ілмектер: өлім, өкініш, ғашықтық, қыдыру Марк Твен

Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы - ертең тастап кеткенде.

Ілмектер: өмір, өлім Иүгінеки Ахмед

Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.

Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи

Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.

Ілмектер: ана, туған күн, өмір, өлім Габриэль Гарсиа Маркес

Қанша тырыссаңыз да, о дүниеге аттану оңай емес.

Ілмектер: тырысу, дүние, өлім Габриэль Гарсиа Маркес

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.

Ілмектер: ат, адам, өлім Саиф Сараи

Түзелмейтін тек өлім.

Ілмектер: өлім Сергей Довлатов

Тек ақымақ қана өз өлімінің жақындағанын тойлайтын болады.

Ілмектер: ақымақ, өлім Бернард Шоу

Адам баласының бәрі де өлгелі жаралған.

Ілмектер: адам, өмір, өлім Күлтегін

Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам — екінші есікке де енеді.

Ілмектер: дүние, өмір, өлім, есік Жүсіп Баласағұни

Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген — ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.

Ілмектер: әке, өлім, ана, шеше, аға, іні, апа, қарындас Жиренше шешен

Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.

Ілмектер: тағдыр, өлім Жүсіп Баласағұни


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)