Егер менің тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын
Расул Ғамзатов
Қазақтың атақты батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес. Сол себепті бұл әлі күнге өзекті мәселе боп қалып отыр. Сондықтан мен тіл жанашыры ретінде, болашақ журналист маманы ретінде тіл мәселесі жайында сөз қозғағым келіп отыр.
Тіл мәселесі - әлі шешіле алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Қалай ойлайсыздар, неге оның жағдайы бір қалыпта, бір деңгейден көтерілмей тұр? Бұл мәселені сонау жылдар бойы талқыға салды, көптеген ойлармен бөлісті. Сол жайында көптеген мақалалар, көптеген еңбектер жазылды. Бәрі де ат салысуда және ат салысқан. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тіл жанашырларын атап өтуге болады. Тіпті болса, Міржақып атамыз «Оян, қазақ!» өлеңімен, ал Ахмет атамыз «маса» кейпінде халықты оятпақ болды. Бірігіп күш салуға шақырды. Сол кездегі ата – бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап еді ғой, ойланыңызшы! Тілі таза емес елдің тәуелсіздігінің қандай жақсы жақтарын білесіз?
Айтып отырғаным, заман талабына сай, қазақ азаматы үш немесе одан көп тілді білуі қажет. Заманның талабы сондай. Алайда, өз ана тілін білмейтіндер де бар. Өз ана тілін білмей тұрса, өзге тілді біліп керегі не? Тамырмен келген ата – баба намысы қайда? Иә, біз өркендеп дамуымыз керек, жан – жақты болуымыз керек. Бірақ, ешқашан өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Оны кірлетпей, таза ұстап, ана тілімізбен айтылатын Әнұранымыз жүрегімізге сіңуі керек. Ана сүтімен ана тіліміз бойымызға енеді дейміз, оны сезінетіндер көп болғаны өзімізге жақсы емес пе? Мәселен, «Менің Дағыстаным» еңбегінің авторы Расул Ғамзатовтың осы шығармасында ананың алыстағы тірі баласын қайтыс болды деп санау себебі. Сонымен қатар бұл тіл мәселесі көптен бері келе жатқанының айғағы болып табылады.
Қадыр Мырза Әли атамыз: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» - деп айтқандай, жан – жақты болуға ешкім қарсы емес, тек ана тілге деген құрметтің аздығына көптеген тіл мамандары уайымдауда. Егер өзіміз ана тілімізді құрметтемесек, өзге ұлттардан қандай құрмет күтеміз? Өзіміз құрметтемей, кім құрметтейді? Бұл мәселені өзіміз қолға алмай, кім алады? Сондықтан бір – бірімізге итере бермей, өзімізден бастауымыз керек. Ең болмаса, қазақ қазақпен қазақша сөйлесуден бастаса, жылжу байқалады. Мұны байқап өзгелер қызықпай ма? Осы мәселені шешуді қолға алып, өзектілер қатарынан алып тастайық дегім келеді. Біз, жас ұрпақ, тілімізді тек жақсы жақтарынан көрсетуіміз керек. Шетел азаматтары «бұл қандай тіл?» деп қызықтыратындай етсек те, бұл біздің қолымыздан келеді деп санаймын. Және, сөз соңында айтып кеткім келгені – қазақ тіліміз латын қарпіне көшсе, ол тілімізді бүлдірмейді, тіліміз бұдан жоғалмайды. Бұл – тіл мәселесі жайындағы бастапқы қадамдардың бірі. Сол себепті, баршаңыздан қазақ тілін құрметтеулеріңізді сұрап, осымен қорытындылаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі