Бір жас бала көшеде шылым тартып тұрады. Баланың тәртібін көңілі ұнатпаған бір қария ұрысқысы келіп, балаға қарай бұрылады. Шалдың не үшін бұрылғанын бала да түсініп қалады. Бірақ шылымын тастамайды. Одан сайын құмарта сорып түтінін будақтата түседі.
— Балам, не істеп тұрсың? — деп сұрапты қария баладан бірден дүрсе бас салмай.
— Әкемнің айтқан өсиетін орындап тұрмын, ата, — депті бала.
— Әкең не істе деп еді саған?
— Әкем «балам, өле-өлгенше түтініңді сөндірме. Түтініңді ел алыстан көретін болсын» деген еді, — депті бала.
Шал баланың тауып айтқан дәлеліне көңілі толып, күлкісі келіп, ұрсуға дәрмені болмай, бұрылып жүре беріпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі