Балалық бал дәуреннің құшағында жүріп кез-келген бала болашақты армандайды, қиял әлеміне сапар шегіп, өзінше өмір өрнегін салады. Әрбір адам өзің үздіксіз біліммен қаруландырып ,өмірде өз орнымызды таба білу керек. Яғни , жалпы айтқанда мамандық таңдап , кейін сол мамандықпен жұмыс жасау. Қазірде әлемде бірнеше мамандық түрлері бар. Әрбір адам өзінің жанына жақын , ыңғайлы мамандығын таңдайды, болашағына мақсат қояды. Менде сол секілді жас мамандардың бірімін. Елімнің игілігі үшін оқыдым, білім алдым , алдыға мақсат қойдым. Әжемнің , анамның жолын қуып білікті мұғалім мамандығын таңдадым. Бүгінде мұғалімдер әулетінің үшінші ұрпағымын. 2015 жылы Табантал орта мектебін бітіріп, жоғары оқу орындарына бет алдым. Оқуымды жақсы бітіріп , осы жылы өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Мен біршама оқып , бойымды жан-жақты біліммен дағдыландырдым. Мақсатыма қол жеткіздім. Мендегі ендігі мақсат , өз шәкірттеріме өзімнің бойындағы жинаған асылды солардың саналарына құю. Сол кішкентай шәкірттерден сондай білікті , рухани азығы мол жас өскіндер қалыптастыру . Мен өз мамандығымды сүйемін. Қызмет барысында көп жетістіктерге жетуге тырысамын.Қызмет жолындағы қуанышты, өзімнің әріптестерімен бірге бөлісетін боламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі