Өлең, жыр, ақындар

Асығу керек болды

Бір үйде той болып жатқанын естіп, Қожа бір қағазды конвертке салыпты да, сол үйге есік қағады. Одан:

— Саған не керек? — деп сұрағанда:

— Мен үй иесіне хат әкелдім, — дейді.

Қызметші ішке кіргізген соң, Қожа үй иесіне қағазды беріпті де, дастарқанға жайғаса салып, тамақ жеуге кіріседі.

— Ау, қағазыңда түк жоқ қой! — дейді үй иесі.

— Е, кешіріңіз, — депті Қожа, — асығу керек болды, сонан қағазға ештеңе жазылған жоқ.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз