— Әпенді, сапарға шығып, басқа елдерді көргің келсе, бізбен бірге жүр, — дейді бірде саудагерлер. Қожа қуанып, көршісінен ат сұрап мініп, жолға шығады.
Кешке қарай түнеуге аялдап, аттарды жайылуға бос жібереді. Таңертең Әпендінің мазасы қашады. Жылқылардың ішінен өзі мініп келген атты айыра алмайды. Білместігіне ұялып, қулыққа кешіпті. Мылтықты оқтап:
— Аттардың ішіне бөтен ат кіріп кетіпті ғой. Барып атып тастайын, — дейді жылқыға қарай бет алып.
Мұны естіген саудагерлер әрқайсысы өз атын аулақ әкетпек болып, тұра жүгіреді. Ең соңында бір ат қалады. Әпенді сонда ғана осы атпен келгенін есіне түсірген екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі