Өлең, жыр, ақындар

Еліміздің тағдырына бұйырған бақыт

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы

Бөгетсай мектеп-гимназиясы 

8-класс оқушысы Бақыт Ақбота 

Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Хасенова Г.Р.

Еліміздің тағдырына бұйырған бақыт -  ЭКСПО – 2017. Бұл шараны өткізуге ынталы елдер көп еді. Қазақ жұрты алапауыт елдермен аламанда жеңімпаз атанды. ЭКСПО – көрмесі олимпиада ойындарымен пара-пар көрме,бүкіл дүниежүзіне өнерімізді, білімімізді, өмірімізді көрсету және дүние жүзі елдерінің өмірімен танысу.Астана көрмесінің ұраны – «Болашақ энергиясы». Ғалымдар еліміздің қуат көзі етіп,желіккен желді, қуырған күнді, селдеткен суды алды. Еліміз тағы бір биіктікті бағындырды. Дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып табылатын халықаралық  «ЭКСПО -2017» көрмесі өткен орталық болды. Жүзге жуық мемлекет өз жетістіктерін паш еткен бұл жахандық көрме Орталық Азия тарихында тұңғыш рет өткізілді. Бұл Астана қаласының экономикалық ахуалы дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттер санатына қосылғанымыздың белгісі.Ғылымда да , білімде де ілгерушілік бар. Ғалымдар 15 жыл бойы жанып тұратын лампочка ойлап тапқан. Шикізат түрі жеткілікті болғандықтан биотехнология, жасыл технологиялар ойластырылды. Тіпті адам денесін жылытып тұратын батарея жасау мүмкіндігі де қарастырылды. Осындай жұмыстар еліміздің зертханасында қайнап пісіп «ЭКСПО-17» көрмесінде әлемді таң қалдырды. Ал Астана қаласында көрме - қалашығы бой көтеріп, көркімен оқшауланып тұр. Сәні мен сымбаты келіскен павильондар нысандарының ең үздіктері бұзылмай, Астана меншігіне айналды.

Қазіргі қоғам талабы жаңа ортаға лайық, жаңа сұранымдарға сай білім мен білікті қатар меңгеруін талап ететін, білім берудің жаңа бағыт-бағдарын ұстанған ел жүрегі, білім нұрын себетін  қалам – Астанам өсе бер, өркендей бер демекпін.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз