Өлең, жыр, ақындар

Қиындыққа тап болдым деп қам жемеңіз

Қиыншылық-біздің позитивті көңіл-күйіміз бен жарқын өміріміздің баспалдағы іспеттес. Ол-бойға белгісіз бір күш берер бастамаға деген ынта-ықаласыңыз, жеңіске жету жолындағы кішігірім демеу. Соны жеңу арқылы ауыртпашылықтарға тұспа-тұс келесіз. Қиындықтардың да өмірімізді мәнге толтырар ерекшеліктері бар екен. Ендеше сөзіме құлақ түріңіз:

Күрмеуі шешілмес қиындық жоқ! Ең бастысы-сергелдеңге түскен сәттерде жасаған іс-әректтеріңіз бен байламға келуіңіз.

Ауыртпалыққа тап болдым деп алаңдамаңыз. Әрбір қиындықтың артында-күтпеген тосынсый даяр тұрады. Ойыңызды тұжырымдап, қиындықты жеңудің жолын іздестіріңіз.

"Сабыр түбі-сары алтын" деген. Сабырлылық таныту арқылы кездесе кеткен ауырлықтың кілтін табасыз.

Мәнге толы болашақтың бастау алатынына сеніңіз. Өміріңізді түрлі-түсті бояулармен түрленткен бақытты сәтіңізді еске алыңыз. Мейлі, ол жақындарыңыздың жанында өткізген қызықты уақыт не болмаса ұшы-қиыры жоқ арманыңыздың бір белесі болсын, жаңа идеяларыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз. Әрбір ерекше сәт-депрессиядан құтылуыңызға өзіндік септігін тигізеді.

Бірінші мысал:

Әлемді шытырман оқиғаларымен тамсандырған "Робинзон Крузо" атты туындымен таныс боларсыз. Оқиғада белгісіз бір аралға тап болған жанның қиындықтармен күрескені жайында баяндалған. Кейіпкердің прототипі-Александр Силькирк атты шотландық моряк. Жазушы оның өмірлік тарихын негізге ала отырып, таңғажайып романды жазған. Егер Робинзон Крузо аралда 28 жыл ғұмыр кешпесе, мәңгі өшпейтін ізі қалмас еді. Кейіпкер адам төзгісіз ауыртпалықтардың бәріне төтеп беріп, болаттай шыңдалды. Осы арқылы ағылшын жазушысының есімі күллі жұртқа танылды.

Екінші мысал:

Әлемге әйгілі жиһанкез Христофор Колумбтың Американы ашқаны жөнінде бірі білсе, бірі біле бермес. Атлант мұхитын басып өтіп, Үндістан мен Қытайға жол ашпақ болған Колумбтың экспедициясын түрлі тосқауылдар күтіп тұрған болатын. Ал, саяхатшы қиындықтан өтіп, Американы ашты. Шегі жоқ мұхиттан дәл осындай ғажайып мекенді ашамыз деген ой бастапқыда қисынсыз көрінсе, кейіннен растығына көз жеткізілді.

Түйін:бір есік жабылса, міндетті түрде екінші есік ашылады. Қалағанымызға жету жолында бір бағалымызды жоғалтамыз. Есесіне жаңа жетістіктермен кездесеміз. Бұл-тағдырдың айнымас шарты. Осыны түсіне білгеніміз жөн. . .

Аружан Самидин


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар