Қорқыныш-жарқын жолға тосқауыл қоятын ауыртпалық.Егер бойыңыздағы осы бір жағымсыз әсермен қоштасқыңыз келсе, төмендегі кеңестерді орындаңыз:
Қорқынышты ма? Артқа шегінбеңіз!
Сіз биіктерден көрініп, жетістікке жетуді қалаған сәтте ішкі қорқыныш мақсаттарыңызды тежеп, сенімділікті жояды.Сол себепті уақытыңызды қорқынышқа бой алдырып өткізбеңіз, жоспарларыңызды жүзеге асырудан танбаңыз.
Қорқынышпен жүзбе-жүз кездесер болсаңыз, ішкі сезіміңіздің айдағанымен жүресіз.Алайда, қорқынышты жеңу арқылы жаңа белеске жетесіз.
Өткеніңізді ұмытыңыз
Кейбір сәттерде қиыншылықты немесе сәтсіздікті бастан кешіріп, бар ауырлықты жүрек түбінде сақтаймыз.Бәлкім, сіз өткенді өткеруге бел шеше кіріскен боларсыз.Бірақ нәтиже жоқ! Бұл сіздің жеңілісіңіздің белгісі емес! Сіз сәтсіздіктерді еске алған сайын қорқыныш сезімі маздап, лажсыздан өз мақсатыңыздан бас тартасыз.Сіз-ерекше әрі батыл жансыз.Егер арманыңыздың орындалмайтынына сенер болсаңыз, қорқынышпен күресе алмайсыз!
Кедергілер мен сылтауды іздестіруді доғарыңыз
"Бұл тым қиын", "Мен шаршадым", "Менің уақытым аз". Бұл сөздер бүгінде жаныңызға жара салмағанымен, кейіннен опық жеуіңізге алып келеді.Кедергілер мен сылтауларды іздестірген сайын келесі қиындыққа тап боласыз.Бойыңыздағы жалқаулықты жеңіп, түймедейді түйедей етпей, алға жылжыңыз!
Асығыс шешімдер мен өзгелердің пікірімен санаспаңыз
Кейде барлық іс-әрекеттеріміз біз ойлағандай орындалмай жатады.Біз мақсатымыздан тайып, күресуге күш-жігер іздестіреміз.Ал бірнеше уақыт өткен соң арманыңыздың айқындылығын сезінесіз.Өткен сәтсіздіктерді қазбалаудан сақтаныңыз.Мүмкін, сіз осы арқылы жаңа жетістіктермен қауышарсыз.
Бір нәтижемен шектелмеңіз, мүмкіндікті бағалаңыз
Белгілі бір қорытынды шығару жолында асығыстық танытып, уақыт жоғалтатынымыз хақ.Мәселенің мәнісі мынада:қайталанбас сәттермен қош айтысып, мүмкіншіліктеріңізден айрылып қалғаныңыз үшін қорқыныш сезімін тудырасыз.
Жеңіс пен жеңіліс-өміріміздің басты шарты.Ғұмырымыз-саяхат іспеттес, сондықтан да біздер үшін нәтиже емес, қорқынышымызды жеңу жолындағы жасаған әрекеттеріміз маңызды!
Аружан Самидин
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі