Жаңа жылға бата

Басты бет / Тілектер мен құттықтаулар жинағы / Жаңа жылға бата

Жаңа жылға бата — Тілектер мен құттықтаулар жинағы тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

— Уа, жаратқан құдірет! Жаңа жылда барлық ауыртпалық, қыстамшылық- қиындық өткен жылмен кетіп, жаңа жылда елімізге, әр от басына тыныштық, бейбітшілік бере гөр!

— Қайран Қазақстанымызды бәле-жаладан, зіл-заладан, қайғы-қасіреттен сақтай гөр!

— Иә, құдай! Еліміздің тәуелсіздігі, еркіндігі баянды болып, халқымыздың бірлігі, татулығы, бауырмалдығы арта түссін, «еңбек — еш, тұз — сор» болғаннан сақтасын.

— Еңбекке ынта-жігер таси берсін!

— Жаратқан құдірет! Ел басшыларына ағыл-тегіл ақыл, имандылық пен рахым бергей!

— Әкімдеріміз нысапты, адал да әділ болсын, оларға биік өріс, нарықты парасат бере гөр!

— Елімізге молшылық, тойымдық, береке берсін.

— Жалқаулар, еріншектер мен араққұмарлар арамыздан арылсын.

— Намысты, батыр да батыл азаматтар ортамызда көп болсын.

— Елімізде әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүріміз өркен жая берсін!

— Халқымыз ізгілік нұрына бөленіп, отбасыларымыздың әрдайым береке арылмасын!

Шерхан Мұртаза



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тілектер мен құттықтаулар жинағы бойынша басқа мақалалар бата бойынша мақалалар тілек бойынша мақалалар жаңа жыл бойынша мақалалар құттықтау бойынша мақалалар