Қазақ халқының төл өнері бағалы мұраларға бай.Әрбір жағдаяттың көркем жеткізілгені соншалық, іші-бауырыңа жайлап, жүрегіңді еріксіз жаулап алады.Ұлы жазушылардың ой-өрісіңді кеңейтіп, санаңдағы күдікке толы мұңды сейілтетін шығармалары-"қазағым!" деп күн кешетін асыл перзенттердің жүрегінен ойып тұрып орын алатыны хақ.Ал осындай жайттар алты Алаштың ардақты азаматы Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" атты туындысында көрініс табады.
Кең даланың ерке аруы болып бой жеткен Ақбілек - қилы күндер мен азапты ғұмырды бастан кешіреді.Ел арасында орын алған күрмеуі шешілмес оқиғаның әсерінен өрімдей жас аяулы әрі ардақты анасынан айрылады.Інгенін жоғалтқан ботадай ойға толы көздері мөлдіреп, жасқа толады.Мінеки, бұл-Ақбілектің жанын жегідей жеген қорлықтың бастау алуы.Арын-жанынан артық көретін арудың өмірі өксікке толып, жігері аяққа тапталып, болашағы ойрандалады.Түтінін түзу түзеткен туған жеріне деген ыстық махаббаты-оқырман жүрегін тербейді.Азаппен арпалысып, сағыныш сезімі жүрегін аттай тулатып, ел-жұртына оралады.Бірақ, бәрі тым кеш еді.Ақбілек сұлудың көрген қорлығымен түгелдей танысқан ауыл халқы осыны тілдеріне тиек етіп, отбасысының қасықтап жиған абыройын-шелектеп төгеді.Қандай мұңлы десеңізші?! Дегенмен, шығармада ақылына көркі сай нәзік жандылардың қайсарлықпен күн кешуі айқын суреттеледі.Бірнеше жылды өткеріп, Ақбілек нәрестесін өмірге әкеліп, білім қуып, жыраққа кетеді.Көкірек көзі ашылып, мәдениеттілікті паш ететін халықпен сіңісіп, ғұмырын гүлдендіріп, ескі жараны ұмытады.Өміріне жаңа леп сыйлаған керемет күндер Ақбілектің жараланған жүрегін жібітеді.Туынды соңында жақсылыққа кенелген ару-қараңғы түнекті қақ жарып, көзге түседі.Құрметі артып, жақын жандарының мақтанышына айналып, тәлкекке толы тағдырды өжеттілікке толтырып, шыңға шығып, биікті бағындырады.Туындының негізгі ойы-қырық шырақты жандарға бағытталады.Қандай жағдай болмасын, көңілімізге нұр түсіретін күндердің орын алатынына сене білуіміз қажет.Төзімділік пен батылдықты жырақ қалдырмағанымыз абзал.Тағдыр сынақтарына қасқайып қарсы тұру-адами қасиетіміз.Шығармамен танысып, осы ұғымның түбіне терең бойлай түстім...
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі