Тәртіпсіз ел болмайды тәртіпке бағынған құл болмайды.
Б.Момышұлы
"Тәрбие басы тал бесік"деп қазақ бекер айтпаған.Ең бірінші бізге білім емес тәртіп керек яғни білім алу үшін тәрбиелі инабатты болу қажет.Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген.
Қазіргі таңда болашақ ел жастарымыздың тәрбиесі ақыл парасаты құлдырау үстінде.Сол себептіде алдын ала бұл істі қолға алу қажет.Адамзатқа ең алдымен тәрбие кейін білім."Білімсіз тау тасты қопара алмайсың,тәрбиесіз өз ортаңда сыйлы бола алмайсың".
Адамның тәрбиесі өзінен емес.Ең алғаш адам жарық дүние есігін ашқанда-ақ оның ата анасы оған жүруді сөйлеуді кейін тәрбиелі азамат болуына ат салысады.Ал сол тәрбиелік маңызды бойымызға сіңіру өзімізге байланысты.Кейін ол мектепке барады,мектеп оның 2-ші үйі ал мұғалімдер 2-ші ата анасы.Осылай болғандықтан ба,мұғалімдеріміз де ең бірінші бізге тәрбиенің өмірімізде үлкен рөл атқаратынын санамызға сіңіреді.
Егер болашақта осы тәрбиелік маңыздың құлдырауы болса ше?Әбден мүмкін! Себебі қазіргі таңда ұялы телефонның әсері өте жоғары.Сол себепті де бізге тәрбие мен талап қажет.Балаға тәрбие маңыздылығын үнемі үйретіп отыру бұның ең басты кедергісі бола алады.
Қорыта келе тәрбиенің ең маңызды екенін түсіндіру,жеткізу біздің міндетіміз Егеменді елдің болашағы,тірегі,елімізді дамытатын жастарымызға дұрыс бағыт беру,жақсы тәрбие беру біздің парызымыз.
Адамға бала сүю бір қазына
Секілді өшпес алтын,сөнген мұра
Уілдеп күнімен ойнап,өскен бөбек
Өмірдің ұқсамай ма,бұлбұлына!
Саят Қайратұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі