Өлең, жыр, ақындар

Шыңғыс нәсілі (І нұсқа)

ХІІ ғасырдың басы шамасында Аюша деген қалмақтың ханының баласы болыпты. Татар-моңғол деген хан өлген соң әйелі бек көркем кісі екен. Бір күндерде қасынан сәуле секілді бір зат қалмайды. Бара-бара бір жақта болады. Ақырында сол әйел жүкті болып, туған баланың атын Шыңғыс қояды. Екінші мағлұматта туғанда Шыңғыс деп дыбыстап туды дейді. Екі алақаны, екі табаны қап-қара қан болды дейді. Сонан бақсыларға бал аштырып: «Бұл қалай болады?» дегенде, бақсылар: «Бұл екі аяғымен жүріп жердің жүзін қан етеді. Екі қолымен көп қан төгеді», — деген екен. Сонан Шыңғыс ержеткен соң хан болады. Бір күні екі ағасына айтады: «Үшеуіміз бірігіп мынау көрші хандарды жаулап алалық», — дейді. Екі ағасы да екі жерге хан екен. Сонан үшеуі бірігіп, көрші хандардың елін ала бастайды. Шыңғыс артында жүріп, жүрген жеріне Шыңғыс атын тастай береді. Ақырында Шыңғыс екі ағасын да өлтірген. Сонан мына жағы Қазанға шейін, мына оңтүстік-батыс жағы Қиуа, Бұқарадан Аштарханға дейін, онан Еділ жағалап барып Қырымды алған дейді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз