Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілі-ұлттық мұра

Қазақ тілі- қазақ халқының ұлттық мұрасы. Қазақ тілі - сөздік қорға бай тіл. Қазақ тілі қазақ халқының мақтанышы. Қазақ халқы сөзге шешен, мақалдап сөйлейтін халық . Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді». Яғни, өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның шұбарланбауына мән беруі керек. Ал ана тілін жақсы білмесең, сауатты жаза алмасаң, шын мәнінде мәдениетті адам бола алмайсың. Әрбір қазақ азаматы қазақ тілін меңгеруі міндетті. Бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық мұрамыз. Сондықтан да, оқушылар, жастар ана тілімізді өзге тілдермен араластырып, шұбарламай сөйлеуге тырысайық. Ұлттық мұрамызды қастерлейік!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер