Ал мына бір оқиға Төле бидің әбден қартайған шағында болған екен деседі. Қалмақтың Ақшыр деген әрі ханы, әрі батыры «Төле бидің Мәмила деген қызын берсе, қолынан, бермесе, жолынан аламын» деп ауыл маңына ақ шатырын тігіп жатып алыпты. Балпық келіп Төле бимен ақылдаспақ болған екен, «Тұра тұр, Ескелді де келіп қалар, ақылды бір-ақ қорытайық» депті. Айтқандай-ақ Ескелді де келеді.
— Не істеу керек? — дегенде, Ескелді:
— Соғысып қан төкпейік. Бүгін түн Балпық екеуміз оның шатырына барамыз. Ертеңгілік бір белгі болып қалар, — деп, Балпықты ертіп жолға шығады. Балпыққа аттарды ұстатып қойып Есекең әппақ көйлек-дамбалмен шатырға кіреді. Қалмақтар қарта ойнап отырса керек, қорыққандарынан қозғала алмай қалады. Есекең қолындағы қамшысының сабымен төрде отырған Ақшырдың тамағынан жүргізіп өтеді де, шығып кетеді.
Сол түні Ақшырдың аузы-мұрнынан қан кетіп, зәресі ұшады. Дереу шатырды жықтырып, қайта көшеді. Жол үсті үзеңгілестері не болғанын сұрайды ғой. Сонда Ақшыр:
— Түндегі ақ киіммен келген кісінің екі жолбарысы бар екен. Соның біреуі менің аузы-мұрнымнан қан шығарды. Екіншісі сендердің көздеріңді байлап тастады. Енді жолымыз болмайды, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі