Шұбат пен бота – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Шұбат пен бота» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ac артынан,алдыға шұбат келді,
Біреу татып,біреулер сынап көрді.
«Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні,
Шұбат емес, бір шара шуақ берді.
Ақбоз үйдің есігі айқара ашық,
Гулесуде жігіттер тайғаласып,
Бота сонда боздаса байлаудағы,
Шұбат ішіп, қалайша жәй табасың?!
Бір ботаның сондағы боздауын-ай!
He басына күн туды, боздағым-ай,
¥мыт болған уайым, мұңды өкеліп,
Алпыс екі тамырды қозғауын-ай!
Елестеді ел ауып баратқандай,
Жетім бе, әлде жесір ме, зар атқандай
Қайтқан қаздай қазақтар ертедегі,
Сардалаға сағыныш таратқандай.
Осы екен ғой ботадай боздау деген,
Естімеп ем,естідім...
Қозды-ау денем.
Боталардың боздауы тозбапты әлі,
Адамдардың боздауы тозғанменен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

Бахытқызы Салтанат

Өте күшті өлеңдер

Не туралы мынаууу

Білім ал

Алма

Ең керемет!

Нұрсұлтан

Шұбат пен бота туралы деп жазылып тұр емес па?)

Осы автордың басқа өлеңдері