Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті
Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек. Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.
Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.
«Дені саудың жаны сау» деген ата-бабаларымыз. Әрбір адам күніне шамамен сегіз сағат ұйықтауы керек. Сонда адам күні бойы көңілді, сергек болып жүреді. Спортпен шұғылдану, жеке бас тазалығын да ұмытпаған жөн. Спортпен шұғылдансаң, денең ширақ болады, өз-өзіңді сергек, жеңіл сезінесің. Ал бұндай көңіл-күйдің адам денсаулыңы үшін маңызы аз емес. Жеке бас тазалығына келер болсақ, таза жүрген адам көптеген жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупінен ада болады. Халқымыз «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпаса керек.
Денсаулық екіге бөлінеді: біріншісі физикалық денсаулық, екіншісі психикалық денсаулық. Психикалық денсаулық дегеніміз – адамның көңіл-күйі. Айналадағы болып жатқан өзгерістер адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Адамдардың саған деген көзқарасы, көпшіліктің арасында өзіңді қалай сезінуің сенің жан саулығыңа әсер етеді. Экология да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ауа ластанған болса, өкпеге кесірін тигізеді. Радияциясы көп жерлерде балалар қандай да бір аурумен дүниеге келеді. Әл-Фараби атамыздың денсаулық жайлы айтқан нақыл сөзі: «Адамның денесінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» деген. Бұл біздің өмірлік ұстанымымыз болу керек.
Қорытындылай келе, деннің сау болуы да, болмауы да әркімнің өзіне байланысты. Себебі күнделікті қандай тағам тұтынатынымызды, немен шұғылданатынымызды, адамдармен қандай қарым-қатынаста болатынымыз өз еркімізде. Әр адамның денсаулығы өз қолында!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
ӘСЕЛ
Рахмет көп көп
Рахмет сіздерге
Эленора
Керемет
Алия
Рахмееееет
А
Өте керемет екен
Аяулым
Рахметтт
Қамария
Рахмет
ЕрзатоваБалнұр
Негізі ауырмайтын жол емес, адам ауфрмаса оны Аллаһ жақсы көрмейді. Ауырған керісінше Алланың сынағы, жақсы көретіндігі. Денсаулық тек аман болып жүру
Арман
ТЖБға керек кезден құтқардын
Дэнчик
Үлкен рахмет!!!
Ақниет
Рахмет күшті екен тжбға керек кезде әсіресе
Нұрай о
Рақмет рақмет рақмет
Іңкәр
Көп рахмет ❤️