Өлең, жыр, ақындар

Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 14
  • 41621
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?
Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?
...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді,
Тұмар құсым кеткен-ау тырнағында перінің.
(О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз)
Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз,
Көзді ашып-жұмғанша көсеуін ап қолына
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз.
Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай,
Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай,
Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы,
Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай.
Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма,
- Қарлығашым, қайта орал мекеніңе, шошыма.
Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада,
- О, бәтшағар өмір-ай, өмір дейтін осы да!..



Пікірлер (14)

махамбет

бұ емес бұл ғой

нурила

иə, бұл өлең маған ұнайды. Сіздергег меніе ұсынйысым да бар. Бұл өлеңнің ашылу тарихын да жазыңыздаршы.

Мұрат Өмірзақов 2004

Өте керемет өлең екен, маған ұнады

мурат 2004

Кереметт

Аййда

Бұл өлен əдемі адамнын жауын алайды басқасына ұнамаса маған ұнайды

Айгерим

Күшті
Если чо бұл өлең емес қара сөз

Жалғас

Өте керемет

Аделя

Маған қатты ұнады!
Сіздерге көп-көп рахмет!
Маған зор көмегі тиді,бірақ бір жерінде қате кетіпті "бұ" емес,"бұл" шығар!?

Мерейка

Бұл өлең өте керемет жазылған

Меруерт

Өте керемет
Өте мағыналы

Апше

Керемет болды

Мирзакаримова Сарвиноз

Нетке керемет өлеңдер

Пиарпом әр окьноппоп оң шөп өскен бар менде жоқ қы

Талғат Бигелдинов өмірден күн сайн пропорционал шамалар деп аталады екен Әуезов атындағы әдебиет институтын бітірген

Айнаш

Міне, Мұқағали Мақатаевтың «Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?» атты өлеңі — бұл құстардың елге оралуы арқылы сағыныш пен өкінішті поэтикалық түрде жеткізетін әдемі жыр.

Өлеңнің қысқаша мазмұны

Өлеңде ақын:

қарлығаш құсына жолдас, сүйікті бейне ретінде үнқатысады:
— «Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?» — деп құстың аман‑есен оралған‑оралмағанын сұрайды.

Бұл құс ақын үшін сағынышты, естелікті білдіретін символ: өткен шақтағы бір естің бейнесі.

Ақын қарлығаштың «серігі» жоғалғанын, жаздың жалғыз өтіп кеткенін, балапансыз қалғанын айтумен бірге, табиғатпен бірге адам жүрегінің күйін сездіреді.

Соңында баяғы күндердің бейнесіне куәлік ете отырып, өмірдің өзіне келетін тағдырды ойландырады.

Бұл өлең менің ойымша — сағыныш пен бейнелік ойдың үйлесімі.

Ақын қарлығашты адам сезімінің прототипі ретінде қолданады: бұл құс — елге оралатын сәтті, уақыттың жалғыздығын, өткен шақты еске түсіретін образ.

Қарлығаштың серігін жоғалтуы — өмірде кейде өз жолдастарымыз бен естеліктерімізді сағынатынымызды, кейде олар бізге қайта оралмайтынын білдіреді.

Табиғат пен адам сезімі арасындағы бұл нәзік байланыс — Мұқағалидің поэзиясының ерекше ерекшелігі, ол оқырманға жан дүниесін зерттеуге, естеліктерді түсініп бағалауға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Түйсік

  • 1
  • 4

Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен,
Жалықтым-ау, осы бір күн көрістен.
Үмітім де үзіліп бара жатыр,
Мына құрғыр мандышай жүрген істен.

Толық

Сүйген ерін

  • 1
  • 9

Сүйгісі келе берер сүйген ерін,
Сүй, жаным!
Сүйкімді бір күйге енемін.
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын,

Толық

Москвадан кетерде

  • 1
  • 3

Ұлиды боран,
Қарып тұр.
Сауықтыр мені, сауықтыр
Боранын-дағы Мәскеудің

Толық

Қарап көріңіз