Өлең, жыр, ақындар

Көрісу

Көрісу — Қазақстанның батыс өңірінде ғана сақталған қазақтың ежелгі дәстүрі.

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаңдар бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күнінде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көршілер бір-бірін шеке асына шақырьш, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені "Көрісу" салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Динара

Көрісу жалпы жақсы дәстүр ғой

Айсана

Көрісу, наурыз құтты болсын

Лаура

Көрісу — қазақтың байырғы салт-дәстүрінің ең мағыналы әрі әдемі көрінісі. Бұл мақаладан қазақ халқының 14 наурыз күнін “Көрісу күні” ретінде атап өтіп, бір-біріне ізетпен амандасып, құт-береке тілейтін салтты сақтағаны анық көрінеді.

Мақалада көрсетілгендей, көрісу күні адамдар өкпе-ренішті ұмытып, көрші-қолаңмен, туған-туыспен бірігіп, қарым-қатынасты нығайту дәстүрі ерекше дәріптелген. Бұл салт — қазақ қоғамындағы бірлік пен татулық, үлкенге құрмет пен жақсының жақсылығын тілеу негізінде қалыптасқан.

Осы мақаланы оқып, қазақтың ежелгі мерекелік дәстүрлері мен рухани құндылықтары туралы білімімді толықтырдым. Көрісу салты — бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтпай, жас ұрпаққа айтылымды әрі жүрекжарды құндылық ретінде жеткізуге тұрарлық.

Пікір қалдырыңыз