Қашанғы бұлай өтеміз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Қашанғы бұлай өтеміз,
Қашықтап жүріп екеуіміз!
Анамыз тасқа жерік боп,
Тас болып түстік пе екенбіз!?
Мен көнсем кейде, сен көнбей,
Сен көнсең кейде, мен көнбей;
Түнереміз де жүреміз,
Әкеміз бүгін өлгендей.
Өтеміз бе өйстіп, үнделмей?!
Өтті ғой бәрі, өтті ғой...
Өтінем сенен, кекті жой.
Қосылмас рельстердің де,
Қосылар шағы жетті ғой...


Пікірлер (5)

Жолдас

Пікіріңізді жазыңыз...кердмет

БИБІНҰР ЖҰБАТХАНҚЫЗЫ

Барлық өлең керемет

Айша

Өте жақсы өлең жолдары

Қабдығали

Керемет

Қабдығали

Керемет тамаша өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашанғы бұлай өтеміз өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Қашанғы бұлай өтеміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қашанғы бұлай өтеміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашанғы бұлай өтеміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері