Өлең, жыр, ақындар

Магистранттың мүмкіндігі

Қазіргі таңда білім саласының жүйесі сан түрлі қырларымен ерекшеленеді. Сондай білім саласының жүйеленген ордасының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болып табылады. Кез келгенге бұйыра бермейтін бұл орда қайнаған студенттер ошағы болып табылады. ҚазҰУ-дың студенттерге берер мүмкіндіктері өте көп. Ал, магистранттарға берілетін мүмкіндіктердің жөні мүлде бөлек. Университеттің 15 факультеті, 15 түрлі бағыттағы 180 түрлі мамандықтардың қанатын қайырады. Әрбір факультеттің кафедралары өздігінше жаңалыққа ұмтылып жұмыс жасайды. Жаңалығымен жаршы болсын деп, университетіміздің магистранттарына мемлекет грант бөліп, таңдау тақырыбына байланысты шет елдік тәжірибе алмасу жүйесін реттеп қойған. Тәжірибе барысында магистранттар, Ресейге, Турцияға, Еуропа елдеріне және т.б. 2 апталық тәжірибе алмасуға және семестрлік ауысыммен оқуға бара алады. Жаңа дүние жастарды қанаттандырады, білімге құштарлығын ашады. Өмірге деген тұлғалық көзқарасы белсенді бола түседі. Тек арман ғана емес, қол жеткізуге болатын мүмкіндік екендігіне сендіреді. Және міндетті түрде студенттерде «өз еліме жетпейді екен» деген патриоттық сезімді оятады. Осындай тәжірибеден жақында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, тарих, археология және этнология факультетінің «Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының және «Қазақстан тарихы» кафедрасының бір топ магистранттары Түркияның «Стамбул университетінде» тәжірибе алмасып келдік.

Шетелдік ғылыми іс-тәжірбиенің  алғашқы күні Стамбул университетінің Фараби-Евразия зерттеу және оқыту орталығының меңгерушісі, профессор Абдуллах Кызылджпен танысудан басталып, одан әрі Фараби-Евразия зерттеу және оқыту орталығындағы  тағылымдама мәселелері бойынша құжаттарды қарап, тәжірбие алмасу бағдарламасымен таныстыру жүргізілді. Ғылыми тағылымнама барысында магистранттар өз кезегінде Стамбул университетінің Орталық кітапханасына барып, ондағы ғылыми кітап қорымен танысып, диссертациялық жұмыстарына байланысты библиографиялық тізімдермен танысты. Сондай-ақ шетелдік іс –тәжірбие барысында магистранттарға өз диссертацияларына қатысты Стамбул университетінің материалдық-текникалық базасымен таныстыру шаралары жүргізілді. Іс-тәжірбиеден өту барысында болашақ тарихшы магистранттар Стамбул университетінің Фараби-Евразия зерттеу орталығының профессоры Абдуллах Кызылджыктың «Осман империясының географиялық аймағы» атты семинарына және осы Фараби-Евразия зерттеу орталығының ғылыми көмекшісі отандасымыз, доктор Ораз Сапашевтың «Ғылыми зерттеу тақырыптарын  таңдаудағы кейбір мәселелер» атты семинарларына қатысып, тәжірбие жинақтады.

Магистранттар өз кезегінде Стамбул қаласындағы ірі тарихи маңызы бар кешендерге  оның ішінде: Айя-София мешітіне, Сұлтан-Ахмет мешітіне, Топқапы сарайына, Долмабахче сарайына, Стамбул қаласындағы Археология мұражайы мен Мозайкалар мұражайын аралап, экскурсия жүргізді. Шетелдік ғылыми іс-тәжірбиенің  қорытындылай келе тарихшы магистранттар Стамбул университетінің Фараби-Евразия зерттеу орталығының арнайы сертификаттармен марапатталды.  Шетелдік ғылыми іс-тәжірбиеден өту  магистранттарға тек диссертациялық жұмысқа материалдар жинақтау ғана емес, Түркиялық ғалымдардың еңбектеріне бақылау жүргізу арқылы ғылыми зерттеу әдісін түсінуге мүмкіндік береді.

Н.С. Тастанбек әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың 2 курс магистранты

Г.С. Беделова  әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың т.ғ.к., аға оқытушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз