Өлең, жыр, ақындар

Биелер қысыр қалмай ма!..

Баяғыда бір жалқау болыпты. Онда маңыраған мал деген болмапты. Бір күні жапырайған аласа күркесінің ішінде әйелі екеуі бір уыс қуырған бидаймен шай ішіп отырыпты. Терісі кеңіп, көңілі жадыраған жалқау жұбайына былай депті:

— Қатын, біз осы алдымыздағы көктемде қауын-қарбыз ексек. Ол біздің ырысымызға жақсы боп бітсе, мол өнім берсе. Сол қауынның бір тоғызын Жұмаш байға тартсақ, өзі көңілшектеу неме еді, жылқысы көп қой, бір бие беріп қалуы мүмкін. Енді бір тоғызын жамағайын ғой, Өгізбайға тартсам, ол сәтін салып бір байтал берсе...

— Қошқарбайдың әкесі-ау, бұл ниетің дұрыс қой, бірақ бәрі бие болып кетті ғой, айғырсыз биелер қысыр қалмай ма?

— Бәлі, ол естен шығып кетіпті ғой, дұрыс айтасың. Қауын-қарбыздың қалған-құтқанын жинап алып Бәтеспайға апарып, құнаннан дөнен шығар айғыр алсам...

— Қошқарбайдың әкесі-ау, сен мініп барсаң, биелер қысыр қалмай ма? — деп ызаға булыққан жалқау шәй-пайымен кесе- сін лақтырып жіберіпті. Сөйтіп, көңілдің жүйрік қиялына ілескен жалқау жалғыз кесесінен айрылыпты.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз