Қызық өмір
Бұл бетте «Қызық өмір» атты Мұқағали Мақатаев жазған өмір туралы өлең берілген.
-
Bain
- 26.04.2015
- 2
- 15
- 64787
Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат
Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап.
Біреулердің еңбегі еш, тұзы cop боп
Біреулердің бақыты жүр сорғалап.
Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу
Ұнатамын өмірді сол үшін мен.
Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,
Құр қалмайды ешкім де үлесінен.
Өліп-талып жеткенде бақытына,
Шорт үзіліп, кей тағдыр түгесілген.
Өміріме өзімнің таңданамын,
Қалмайын деп қатардан қарманамын.
Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
Ертеңіме үмітпен алданамын.
Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,
Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын.
Өмір керек көлеңке, шуағымен,
Өмір керек!
Басқаның қойдым бәрін...
Мына Мукагали Макатаевтын олендери оте коп екен
Маган катты унады . Осы олендерди жаттап алуга да болады екен
Маган Мукагали Макатаевтын олендеры унайды оте керемет
Мұқағали Мақатаев ол ең озат ақын ,өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі бар
Маған Қызық өмір деген өлеңі өте қатты ұнайды
Уакыт болса окуга кенес беремин
керемет
Маган катты. унады асиресе кызык омир
Мұқали Мақатаев тің өлеңдері маған қатты ұнайды
Өте жақсы өлеңдер жааттап оқуға кеңес беремін
Керемет
Керемет
Маған өте осы өлең ұнады
Маған Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері ұнайды
Күшті