Өлең, жыр, ақындар

Аңқау жігіт

Бір жігіттің өзін ұнатпайтын біреудің қызына көңілі түсіп қалады. Қызға бір тілдесбек боп бір күні ақшам үйіріле қыздың үйінің артына келеді. Мал байлап жүрген үй иесі оны ұры екен деп тап береді. Мұндай боларын ойламаған аңқау жігіт желкесіне тоқпақ сарт ете түскенде:

— Ойбай, өлтірді-ау! — деп айғай салады. Үрейлі дауысты естіген үйдегілер дүркірей сыртқа шықса, қыздың әкесі әлгі жігітті көзге шұқып:

— Енді қайтып бұл маңды басушы болма, — деп зіркілдеп тұр екен.

Ертесі жігіттің сырлас досы оған кезігіп:

— Кеше кезігетін ісің оңды болды ма? — деп сұрағанда, жігіт кібіртіктеп тұрып:

— Тым оңсыз болған жоқ, әкесі көріп қап түйгіштеп, маң- дайыма нұқып тұрғанда қолының дәлдесімен-ақ үй ішіндегілерінің алдында қызға көзімді қысып қалдым, — деген екен.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз