Өлең, жыр, ақындар

Наурызға арналған өлеңдер мен тақпақтар | Көктем, дәстүр және шаттық

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.

*** *** *** ***

Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр.

*** *** *** ***

Жер үсті жасарады, жаңғырады.
Бар аймақ аңсай күткен сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән құлады.

Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.

Наурыздың жанға жайлы самалы есіп,
Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп.
Дәстүрін жалғастырып бабаладың,
Кеңейді жан сарайы, сана өсіп.

Көксеген қасиетті іңкәларын,
Ардақтап асқақ ұстап жұрт арманын,
Ұлтымның қанға сіңген мұңын емдеп,
Наурыз деп байтақ елде шырқалды әнім.

Кең жайып қазақы үйдің керегесін,
Көрсетіп қадір-қасиет негесін,
Мерейі қазағмның өсе берсін,
Көгертіп мәңгі бақи көсегесін.

Наурызда жарқылдаған жасын от бар,
Адамдар құлай сүйген қасиет бар.
Ұлтымның дәстүрсалтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар.

Тасты еміп, қайнап жатқан бұлағы бал,
наурыздың құшағында шуағы бар.
Сән беріп шаттығым ақ шұғыла,
Мерейін елдің асқақ куә қылар.

Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын, туған елім!

Назар аудар:

Наурызға арналған өлеңдер

Наурыз туралы тақпақ

22 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер

22 наурызға арналған өлең жолдары, тілектер

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

Бота

Рахмет, супер!

Назерке

Оте керемет

Сезім

Күшті ????????????

Сезім

Маған ұнады күшті ????????

Марат

«Наурызға арналған өлең, тақпақтар» атты мақала – Ұлыстың ұлы күнін өлеңмен өрнектеп, жырмен жырлағысы келетін әрбір адамға арналған әдемі жинақ. Бұл бетте Наурыз мейрамының салтанатын, табиғаттың жаңаруын, халықтың салт-дәстүрге деген құрметін бейнелейтін бірнеше шынайы әрі әсерлі өлеңдер топтастырылған. Өлеңдердің ерекшелігі – олардың әрқайсысының жүректен шыққандай жылылығы мен ұлттық нақышы.

Марат

наурыз туралы тақпақ

Арука

Наурыз – жыл басы ғана емес, сонымен бірге жаңару мен бірліктің символы. Осы мереке қарсаңында bilim-all.kz сайтында жарияланған "Наурызға арналған өлеңдер мен тақпақтар | Көктем, дәстүр және шаттық" атты мақала нағыз рухани сыйлық болды.

Пікір қалдырыңыз