— Жеті деген киелі санға құрылған.
Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны — өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:
Дүние — үлкен көл,
Заман — соққан жел.
«Алдыңғы толқын ағалардың» «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.
Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті — сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз — астың дәмін келтірер, мақал — сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.
Сүт немесе ақ құйғаны — сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың — бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.
Құрт қосатын себебі — құрт күшті ас. Әр түрлі тамаққа пайдаланады. Әсіресе жазғытұрым уақытта пайдасы мол. Әлсіз, аурушаң адамдарға қуат береді. Бұл асты — қуаттың көзі болсын, ел қуаты нығайсын, денсаулығы берік болсын деген ырымға негіздесе керек.
Наурыз көже қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі — ет қосылады. Қазақтың табиғаты мал мен біте қайнасқан болса, ет — қазақтың төл асы. Қазан толсын, асар мол болсын деген мақсатта «ұзынсарыға» сақталған сүрі етті тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады.
Көжеге алтыншы — дәм арпаны қосады. Арпа дәрілікке ем. Білетіндердің айтуынша, арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы. Зерттеушілер, «Арпа ай тұтылған кезде себілетін болса, кейін одан пісірілген нан есі ауысқандарға шипа болады. Арпа сеуіп жатқан кезде ай дөңгеленіп Зухар жұлдызына қарама-қарсы тұрса, арық-тұрақ мал оңалып, қой жинайды. Жылдың жақсы немесе жаман келуі арпаға қарап анықталады. Данышпан қарапайым бабаларымыз осыны арқау еткен» дейді. Жаратушы Алла «Нандардың ішіндегі ең жақсы нан -арпа наны. Кім оған қанағат қылса, ол оны тойдырады. Себебі, ол менің наным, барша пайғамбардың наны» — деген екен.
Жетінші дән — күріш. Күріш де денсаулыққа шипа, ішкі құрылысты тазартатын табиғи элементтерге бай дәнді дақыл. Жалпы, Наурыз көжеге дәнді дақыл пайдаланатыны — бір тамырдан өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурыз көжеде де сайрап тұр.
Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі