Бүгін белгілі қаламгер жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Сүлеймен Баязитов ақсақал 76 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүниеден өтті.
Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Сүлеймен Баязитов 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Ж.Шанин ауылында туған. Павлодардағы мал дәрігерлік техникумын және Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
Алғашқы әңгіме, өлеңдері 1962—1963 жылдары «Тың өлкесі» газетінде жарық көріп, содан бері әңгіме, аңыз, повестері аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланып тұрады. 1972 жылы Павлодар қаласында өткен жас ақын-жазушылардвің республикалық, аймақтық Кеңесіне қатысқан. Ақынның «Бастау» (1979), «Жасыбай батыр» (2004), «Құдіреті күшті бір Алла» (2004), «Елсіздегі елес» (2004), «Хан ием» (2004), «Жаралы жердің жанары» (2006), «Көне қазақтың қыңыр қисыны» (2007) атты және т.б. жинақтары жарық көрген.
Жазушылар Одағының Павлодар Филиалы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі