Өлең, жыр, ақындар

Қыс туралы тақпақтар

Келіп қалды қыс
Аяз боран бар
Болсада жүр бала
Далада жүгіріп қана

* * *

Қар келді жеріме,
Төрлет қысым еліме.
Қыс өте тамаша,
Ойнайды балалар күніне.

* * *

Міне аппақ қар
Аяз боран бар
Төрлет қысым еліме
Ойнаймыз біз далада.

* * *

Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.

* * *

Шыңнан сырғып түсті де,
Келді  етекке қыс міне,
Ақ қарлар ақ көбелек
Қонды үйлердің үстіне.

* * *

Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.

Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.

Көрінбейді бетеге,
Көрінбейді ай, тегі.
Үйге кіріп кете ме,
Мына боран қайтеді?

Ауланы тез күрейік,
Аққаланы үйейік.
Есігінен қораның
Кіре алмасын бораның.

* * *

Қар жауып тұр себелеп,
Қалтыраған бауларға...
Бейне құйттай көбелек
Қонып жатыр талдарға.

Қонып алып құлаққа,
Қытықтайды керемет.
Көбелегім бірақ та
Ұстатпайды, не керек?!

* * *

Ақ шанамыз зырлайды,
Ақ қар оны шыңдайды.
Біреу шаңғы тебеді,
Құйындатып келеді.

* * *

Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.

* * *

Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз.

* * *

Ішік, пима қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қолың малақай
Біз тоңбаймыз алақай.

* * *

Қыста қар жауғанда,
Аппақ қарлар толғанда.
Қар атысып ойнаймыз,
Атысып біз қоймаймыз.

* * *

Жабысқақ қарлар болғанда,
Домаланып қалғанда.
Аққаланы жасаймыз,
Шыр айналып ойнаймыз.

* * *

Қармен ойнап балалар,
Далада жүр алысып.
Шана,шаңғы,конькимен,
Бір-бірімен жарысып.
Аққала жасап әбігер,
Ақ қарды ойып құшақтап.
Қып-қызыл алма беттері,
«Қыс жақсы,-дейді,-түсі аппақ.

Мына тақпақ, өлеңдерге де назар аударыңыздар:

Қыс, Бораны алыс қап

Көңілді қыс

Қыс келген күні

Қыстағы ой

Қыс көрікті

Қыс

Қыстың күні

Қар жауып тұр

Аяз сорып жер төсін

Қыс туралы басқа да өлең, тақпақтар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (12)

Қарақат

керемет

Akbaian

Өте тамаша

Аяулым

Жақсы

Akbaian

Өте керемет есім

Аяжан

Керемет тапақтар екен

КАМИЛА

Өте тамаша!!!!

КАМИЛА

Өте тамаша тақпақ !!

Динара

Қыс туралы тақпақтар керемет! ұнады

Ержан

Қыс туралы ең әдемі тақпақтар мен өлеңдер

Айша

Қыс туралы ең мықты тақпақтар

ЖАНЕТТА

Өте жақсы тақпақтар маған ұнады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз