Өлең, жыр, ақындар

Практикалық семинар «Қазіргі IT-білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме»

Сүлейман Демирел университетінің Пәнаралық зерттеулер орталығында «Отандық білім беруді модернизациялау жағдайында көптілді ІТ маманының құзіретті инновациялық моделін әзірлеу және енгізу» гранттық жобасы аясында «Қазіргі IT-білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме» практикалық семинары өтті. Жобаның ғылыми жетекшісі – Астана IT университетінің ректоры Қанат Қожахмет және жобаның бірлескен авторы және атқарушы директоры – Рахима Жумалиева.

Өткізілген семинар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған бағдарламасын іске асыруға бағытталған. Семинар болашақ IT-маманының құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту тұрғысынан IT-білім берудегі құзіреттілікке негізделген тәсілдемені талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға студенттер, магистранттар, докторанттар және СДУ оқытушылары қатысты.

Семинар жұмысын құттықтау сөздерімен СДУ Ғылым департаментінің директоры, PhD Ширали Кадыров ашты.

Қауымдастырылған профессор, PhD Жумалиева Р.З. «Көптілді IT-маманының инновациялық құзыреттілік моделін құрудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында баяндама жасады және де көптілді IT-маманының инновациялық құзыреттілік моделін, IT-маманының құзіреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың негізгі қағидалары, сондай-ақ тілдерді деңгейлік оқыту тұжырымдамасы ұсынылды. Сондай-ақ, қазақстандық білімнің модернизациясы жағдайында құзіреттіліктің қалыптасуы мен дамуы оның мынадай құрылымдық элементтерінің циклдік тұтасуы негізінде жүзеге асырылады: танымдық белсенділік (танымдық), ынталандырушы белсенділік (ынталандырушы) және рефлексиялық белсенділік (рефлексиялық) компоненттер.

Қауымдастырылған профессор, PhD Изекенова А.К. кәсіпкерлік ойлауды дамытудың маңыздылығы туралы «Қазіргі білім берудегі кәсіпкерлік дағдылар (құзіреттіліктер)» тренингін өткізді. Кәсіпкерлік дағдыларды оқыту практикасы, сондай-ақ айтылған процесті жүргізуге қажетті оқыту құралдары ұсынылды. Жаһандану, өзгермелілік және ақпараттық технологияның тез өсіп келе жатқан рөлі жағдайында университет классикалық әлеуметтік институттан білім экономикасының субъектісіне ауысуда. Жаңа буын университеттеріндегі (U 3.0) заманауи білім беру бағдарламалары дәстүрлі әдістер мен ойындандыру білім беруді үйлестіріп студенттерге кәсіпкерлік ойлау дағдыларын қалыптастыруға және кез-келген тапсырманы жан-жақты шешуге көмектеседі. Тренинг студенттерге «жұмсақ дағдыларды» одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін заманауи университеттегі кәсіпкерлік ойлауды дамытудың құзіреттілік тәсілін қарастырды.

Техникалық ғылымдар кандидаты, ассистент профессор Тулемисова Г.Е. «IT-менеджерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты ұйымдастырылған  мастер-класста цифрлық экономикадағы IT-мамандарды Chief Digital Officer атты лауазымға дайындау әдіснамасы ұсынылды. Бұл мәселе бейінді мамандарға (Chief Digital Officer) сұраныстың артуына байланысты туындады. Сондықтан, IT-мамандарды дайындау кезінде мамандандыру пәндері бойынша «hard skills»-терді оқытумен қатар, топты басқару, шешім қабылдау және уақытты басқару сияқты бизнесті басқару («soft skills») дағдыларын ілгерілету қажет. Аталған дайындық кәсіби деңгейде жүргізіліп, «IT-инфрақұрылым» курсында бизнес басқаруды оқыту әдістемесі СДУ-дегі алғашқы кәсіби қадам болып табылады.

PhD докторант Султанова Н.Ж. «Нейрондық желілерді қолдана отырып, қазақ тілінің сөз формаларына морфологиялық талдау және оны машиналық аудармаға қолдану» тақырыбындағы тренингте машиналық аударманың анағұрлым дұрыс болуы мақсатында қазақ тіліндегі мәтінді өңдеудің өзектілігі қарастырылды. Презентация барысында компьютерлік ғылымдардағы агглютинативті тілдерге морфологиялық талдау жасаудың негізгі технологиялары талқыланды. Сонымен қатар, нейрондық желілерді пайдалану, сонымен қатар машиналық аударма үшін морфологиялық талдау жүйелерін қолдану ұсынылды. Нәтижелер нейрондық желі тәсілінің тиімділігін дәлелдеді. Ұсынылған технология заманауи IT-мамандарды даярлауда қажетті және маңызды екендігі туралы айтылды.

«Қазіргі IT-білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме» семинарының соңында қатысушылар мен баяндамашылар IT-білім берудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Семинар достық, шығармашылық, іскерлік атмосферада өтті, ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді, әрі қарай жұмыс істеуге және оқуға, сонымен қатар алған білімді іс жүзінде қолдануға ынталандырды.

Қауымдастырылған профессор, PhD Жумалиева Р.З.

Пәнаралық зерттеулер орталығы, СДУ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз