Өлең деген тумайды жайшылықта
Бұл бетте «Өлең деген тумайды жайшылықта» атты Мұқағали Мақатаев жазған поэзия туралы өлең берілген.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 5
- 43802
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылыңта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Айшылық жол...
Шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың.
Жол азабын көресің, көресің де
Ашынасың, біресе бағынасың.
Даламенен жүресің, тау асасың,
Сезесің биігін де аласасын.
Кенезең кепкенде бір, лай суға
Кез келген мақұлықпен таласасың.
Сапар ұзақ.
Тағы да аяңдайсың,
Алыпқашпаң басылып, баяулайсың.
Ел шетіне жетесің, жетесің де
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың.
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйттай жүйең қалмайды сілкімеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада
Адаспайтын болғай-ды шіркін өлең.
Керемет оте жаксы
керемет олең
Күшті өлен екен
Мұқағали Мақатаевтың Өлең деген тумайды жайшылықта өлеңі ұнады
Өте күшті өлең маған ұнады