Өлең, жыр, ақындар

Төребай бейітіне байланысты әңгімелер

І әңгіме

Ертеде біздің өңірімізді билеген Есеналы деген бай болыпты. Ол балаларына еншіге жылқы бөліп берген. Оның жылқысы—байлығының көзі болса керек. Қазіргі Мұқыр өзені бойында барлығы бір түсті—шұбар болыпты. Алыстан сағым болып көрінеді екен.

Осы Есеналы байдың Төребай кенже баласы екен. Ол орысша аздаған білімі бар, төре болыпты. Орыс патшасына жаққан адам болса керек. Төребай орыс армиясы үшін үйір-үйір жылқы айдата берген. Ақыры Есеналы Төребайды қыста жатқанда жылқы айдатып өлтіреді.

Сол кезде патша өкіметінің адамдары шен беріп, шекпен кигізуге келеді. Төребайдың өлгенін естіген олар сүйегін жинап, мола орнатуға, жерлеуге бұйрық береді. Мәйітіне езілген сазға мың жылқының сүті мен құйрық жалы қосылып иленген.

ІІ әңгіме

Осыдан 250-300 жылдай бұрын сахараны дүбірлетіп байлығымен, соның ішінде жылқысымен аты шыққан Есенәлі деген бай өтіпті дүниеден. Оның жылқысының көптігі сондай—шұбар ала түстеніп, жерді басып жатқандай болып көрінеді. Сол Соналыда сона көп болған. Бірақ ел сона көп пе, Есенәлінің жылқысы көп пе, айыра алмаған. Ел «Есенәлі бай ма, мен бай ма» деген сөз осыдан тараған.

Осы Есенәлінің бәйбішесінен Төребай деген бала болыпты. Тоқалынан бала көргенше Төребай жалғыз бала болып, еркін өсіпті, орысша оқыпты. Төребай төре де, бай да болыпты. Патша үкіметінің оң қолы болыпты. Ол әкесінің жылқысын түс-түсімен бөліп, әрбір полк үшін үйір-үйірімен мыңдаған жылқы айдап отырыпты. Осыған байланысты Петербургте өтетін салтанатты мәжілістерге балаларға арнаулы шақыру қағаз жіберілген чиновниктермен алып кетеді екен.

Патша үкіметіне ойланбастан қысылтаяң жағдайда 300 арғымақ айдатып жібергені үшін Есенәлі баласын жазаламақ болады. Оның үстіне өз балаларының абыройсыздығына күйінген тоқалы өзі мен Төребай туралы өсек таратады. Есеналы баласының үстінен мың жылқы айдап, өлім жазасына кеседі. Соңынан әкесі қателігін түсінеді.

Орыстар шен беруге келеді. Қателігін түсіндіріп, Төребайдың адал қызметі жөнінде айтып, сүйегін жинап, белгі тұрғызуға көмектеседі. Есеналы баласына белгілі осылай үй тұрғызған дейді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз